Теміртау қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 2/3 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы әділет басқармасында 2009 жылғы 28 қаңтарда N 8-3-70 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы N 11/12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2010.03.25 N 11/12 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабын, Теміртау қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 25 желтоқсандағы 14 сессиясының "2009 жылға арналған қалалық бюджет туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-68 нөмірмен тіркелген), 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 3 "Теміртау" және 2009 жылғы 14 қаңтардағы N 2 "Зеркало" газеттерінде жарияланған) N 14/4 шешімін басшылыққа ала отырып, арнайы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуге алынған арнайы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмысқа тұрғызу үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыс ұйымдастырсын.
      2. Жұмыс берушілерге арнайы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарына еңбекақы төлеу "Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаменті" мемлекеттік мекемесінің 2006 жылғы 1 маусымдағы N 680 бұйрығымен бекітілген "Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы "Әдістемелік ұсыныстарына"" сәйкес ең төменгі айлықтың 50 пайызынан кем емес мөлшерінде төлеу ұсынылсын.
      3. "Теміртау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мақсатты топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға еңбекақы төлеу үшін 25 әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
      5. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Теміртау қаласының әкімі                   О. Бітебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады