Қалалық бюджет қаражаттарынан төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 2/4 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 қаңтарда N 8-3-73 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы N 11/12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2010.03.25 N 11/12 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабын және 20-бабының 5-тармағын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысын, Теміртау қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 25 желтоқсандағы 14 сессиясының "2009 жылға арналған қалалық бюджет туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-68 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 3 "Теміртау" және 2009 жылғы 14 қаңтардағы N 2 "Зеркало" газеттерінде жарияланған) N 14/4 шешімін орындау үшін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бекітілсін:
      1) жұмыссыздарды қоғамдық ақылы жұмыстарға жіберетін Теміртау қаласындағы ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер тізбесі (1-қосымша);
      2) қоғамдық ақылы жұмыстар түрлері (2-қосымша).
      2. Қоғамдық ақылы жұмыстарда істейтін жұмыссыздарға еңбекақы 2009 жылға белгіленген ең төменгі айлық еңбекақы есебі бойынша нақты істелген жұмысқа төленсін.
      3. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қоғамдық ақылы жұмыстарға "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген жұмыссыздарды жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. "Теміртау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қалалық бюджет қаражаты есебінен қоғамдық ақылы жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарына Серік Шәкірұлы Әкеновке жүктелсін.
      6. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік өткен соң қолданысқа енеді.

      Теміртау қаласының әкімі                   О. Бітебаев

Теміртау қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 15 қаңтардағы
N 2/4 қаулысына 1-қосымша

Жұмыссыздарды қоғамдық ақылы жұмыстарға жіберетін Теміртау қаласы мекемелерінің, ұйымдарының және кәсіпорындарының тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2009.04.23 N 16/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

N

Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер атауы

Жұмыссыздар
саны

1.

Теміртау қаласының әділет басқармасы

90

2.

"Қарағанды облысы Теміртау қаласының Қорғаныс істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі

80

3.

"Теміртау қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары" мемлекеттік мекемесі

185

4.

"Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

25

5.

"Теміртау қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі

180

6.

"ЖҚТБ-ның алдын алу және күресу жөніндегі Теміртау қалалық орталығы" мемлекеттік мекемесі

24

7.

"Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

272

8.

"Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

300

9.

"Теміртау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі

18

10.

"Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

40

11.

"Қарағанды облысының ішкі істер департаментінің Теміртау қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі

40

12.

Теміртау қалалық соты

40

13.

Қарағанды облысы соттар әкімшілігінің Теміртау аумақтық сот атқарушылар бөлімі

12

14.

Теміртау қаласының прокуратурасы

24

15.

Теміртау қаласы бойынша салық басқармасы

240

16.

Зейнетақыларды төлеу бойынша мемлекеттік орталығының Қарағанды облысы филиалының Теміртау қалалық бөлімшесі

76

17.

Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты

12

18.

Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік қорғау және бақылау Департаменті

6

19.

Теміртау қаласының мемлекеттік мұрағаты

24

20.

Қарағанды облысының ТЖД "Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстар қызметі" мемлекеттік мекемесі

12


БАРЛЫҒЫ

1700

Теміртау қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 15 қаңтардағы
N 2/4 қаулысына 2-қосымша

Қоғамдық ақылы жұмыстар түрлері

      Қоғамдық ақылы жұмыстар келесі түрлерге бөлінеді:
      1. Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығы ұйымдарына қала аумағын тазалауға көмектесу.
      2. Тұрғын үйді, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени объектілерді қайта салуға және жөндеуге қатысу.
      3. Қаланың аумағын экологиялық сауықтыру, көгалдандыру және абаттандыру, орман паркін сақтау мен дамыту.
      4. Республикалық және өңірлік қоғамдық шараларды өткізуге қатысу: қоғамдық көзқарастарды сұрап-білу, халық санағын жүргізу және басқа да жұмыс түрлерін атқару.
      5. Әр түрлі құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету.
      6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарына шақыру қағаздарын дайындау және оны таратуға көмектесу.
      7. Балалардың аулалық клубтарында спорттық және мәдени шараларды ұйымдастыруға көмектесу.
      8. Тұрғындардан салық жинауға көмектесу.
      9. Мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұйымдастыруға көмектесу.
      10. Медициналық қызметтер стандартын ұйымдастыруға көмектесу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады