Жеңіс күнінің қарсаңында азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 26 наурыздағы N 12/11 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы әділет басқармасында 2009 жылы 09 сәуірде N 8-3-77 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы N 11/12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2010.03.25 N 11/12 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңының 4-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып, Теміртау қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 25 желтоқсандағы 14 сессиясының "2009 жылға арналған қалалық бюджет туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-68 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 14 қаңтар мен 21 қаңтардағы N 2, N 3 "Зеркало" және 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 3 "Теміртау" газеттерінде жарияланған) N 14/4 шешімін орындау үшін Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңдарында көрсетілген, "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде 2009 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша есепте тұрған азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсетілсін:
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;
      2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталған адамдарға;
      3) қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға;
      4) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерьдің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмлетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;
      5) басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға;
      6) 1986–1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға;
      7) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына;
      8) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға.
      2. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      1) көрсетілетін біржолғы материалдық көмектің уақытылы тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін;
      2) берілетін біржолғы материалдық көмекті төлеу "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың Қарағанды филиалының Теміртау қалалық бөлімшесінің базасымен салыстырылған тізімдері бойынша жүргізілсін;
      3) көрсетілетін біржолғы материалдық көмектің мөлшері қалалық бюджеттен осы мақсатқа бөлінген ақшалай қаражаттың сомасына сәйкес белгіленсін.
      3. "Теміртау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" 007 бағдарламасында қарастырылған қаражат есебінен біржолғы материалдық көмек төлемдерін уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Теміртау қаласының әкімі                   О. Бітебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады