Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің 31.01.2014 № 4-13/140 хатымен).
"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа алып Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылдың сәуір–маусымында және қазан-желтоқсанында кейінге қалдыруға құқығы жоқ 1982-1991 жылдары туған азаматтарды, бірінші кезекте кейінге қалдыруға құқығын жоғалтқан, жасы үлкен әскерге шақырылушылардың шақыруы өткізілсін. Азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қатаң сәйкестікте берілсін.
2. Білім беру ұйымдары мен басқа да ұйымдардың жетекшілеріне, Гүлшат, Саяқ, Қоңырат кенттерінің әкімдеріне әскерге шақырылушылар медициналық комиссияға шақыру қағазын алған кезде, оларды медициналық куәландыру және шақыру комиссиясынан өту үшін жұмыстан және оқудан босату ұсынылсын. Әскерге шақырушыларды тұрғылықты жерінен, "Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" Мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай - ММ) шақыру учаскесіне теміржол немесе жолаушы көлігімен учаскелік полиция инспекторы мен әкімдік өкілімен бірге келуін және Саяқ стансасынан Балқаш стансасына, Балқаш стансасынан Саяқ стансасына, Гүлшат кентінен Балқаш қаласына, Балқаш қаласынан Гүлшат кентіне, Қоңырат кентінен Балқаш қаласына, Балқаш қаласынан Қоңырат кентіне дейінгі аралықтағы жолақысы төленуін қамтамасыз етсін.
3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу үшін мына құрамда қалалық шақыру комиссиясы құрылсын:
Бекмағамбетов Болат Әбдікешұлы - комиссия төрағасы, "Қарағанды
облысы Балқаш қалалық қорғаныс
істері жөніндегі біріктірілген
бөлімі" ММ бастығы
Бейсикенов Дидар Мұратұлы - комиссия төрағасының орынбасары,
"Балқаш қаласы ішкі саясат бөлімі"
ММ бас маманы
Комиссия мүшелері:
Боровицкий Станислав Дмитриевич - Қарағанды облысының ішкі істер
департаменті Балқаш қаласының ішкі
істер бөлімі (әрі қарай - Балқаш
қаласының ішкі істер бөлімі)
бастығының орынбасары
Бижанов Қайрат Көбентайулы - медицина комиссиясының төрағасы,
Қарағанды облысы әкімдігі
Қарағанды облысының денсаулық
сақтау Басқармасының "Балқаш
қаласының N 1 емханасы" Коммуналдық
Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорынның
(әрі қарай - "Балқаш қаласының N 1
емханасы" КМҚК) директорының
орынбасары
Шайхисламова Гүлнар Мәлібекқызы - медицина комиссиясының хатшысы,
"Балқаш қаласының N 1 емханасы"
КМҚК медициналық бикесі.
4. "Қарағанды облысының денсаулық сақтау Басқармасының Балқаш аймақтық өкілдігі бөлімі" ММ (М.О. Жанов келісім бойынша) әскерге шақырылушыларды сапалы куәландыру мақсатында:
1) медициналық комиссия құрамына жоғары білікті дәрігер мамандар мен орта медициналық қызметкерлер (қосымшаға сәйкес) бөлінсін ("Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" ММ мен "Балқаш қаласының N 1 емханасы" КМҚК арасында жасалған шарт бойынша);
2) шақыру мерзіміне рентгенкабинеттер мен флюрографиялық қондырғылардың үздіксіз жұмысын ұйымдастырсын;
3) медициналық комиссия бағыттаған әскерге шақырылушыларды стационар жағдайында емдеу, сауықтыруды қамтамасыз етсін.
5. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде қалалық шақыру комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету үшін "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ (Қ.Қ. Адамова) 2009 жылғы 1 сәуірден 30 маусым және 2009 жылғы 1 қазаннан 31 желтоқсан аралығында Балқаш қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 02/02 "2009 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары, ұйымдары, мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысына (2009 жылғы 26 қаңтардағы нормативтік құқықтық кесімдердің N 8-4-132 тізіліміне енгізілген, 2009 жылғы 30 қаңтардағы N 11-12 (11369) "Балқаш өңірі", N 11-12 (407) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жария етілді) сәйкес ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыздар қатарынан, техникалық жұмыскерлер жіберсін.
6. Балқаш қаласының ішкі істер бөліміне (Е.М. Киякин келісім бойынша):
1) әскерге шақырылушы жастар арасында профилактикалық жұмыс жүргізу белсенділігін арттырсын;
2) әскери шақырудың барлық кезеңінде "Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" ММ шақыру пунктінде, теміржол және автокөлікке отырғызу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтауға пәрменді көмек көрсетсін;
3) Балқаш стансасынан Қарағанды қаласының облыстық жинау пунктіне дейін шығарып салу үшін әр жіберілген командаға бір полиция қызметкерін бөлсін;
4) әскери міндетті орындаудан бас тартқан тұлғаларды іздеуді, жеткізуді қажетті жағдайда ұстауды ұйымдастырсын.
7. "Балқаш қаласының қаржы бөлімі" ММ (Ж.К. Томпиева), "Балқаш қаласының экономика және бюджеттік бағдарламалар бөлімі" ММ (З.С. Шлыкова) жалпыға бірдей әскерге шақыру іс шарасын орындауға байланысты, шығындарға қажетті қаражат бөлсін.
8. "Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" ММ (Б.Ә. Бекмағанбетов келісім бойынша) 2009 жылғы 10 маусымда көктемгі әскерге шақыру, 2010 жылғы 10 қаңтарда күзгі әскерге шақыру нәтижелері жөнінде қала әкіміне ақпарат берсін.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Людмила Мырзахметқызы Түкбаеваға жүктелсін.
10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Балқаш қаласының әкімі Қ. Тейлянов
КЕЛІСІЛДІ
"Қарағанды облысы Балқаш
қалалық қорғаныс істері жөніндегі
біріктірілген бөлімі" ММ бастығы Б. Бекмағамбетов
4 мамыр 2009 жыл
КЕЛІСІЛДІ
"Қарағанды облысының денсаулық
сақтау Басқармасының Балқаш
аймақтық өкілдігі бөлімі" ММ бастығы М. Жанов
4 мамыр 2009 жыл
Балқаш қаласының ішкі істер
бөлімінің бастығы Е. Киякин
4 мамыр 2009 жыл
Балқаш қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 6 мамырдағы
N 20/03 қаулысына қосымша
1982-1991 жылдары туған азаматтарды 2009 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу медициналық комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Балқаш қаласының әкімдігінің 2009.11.16 N 45/01 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
N |
Дәрігер–мамандар |
Негізгі құрам |
Резервтік құрам |
1 |
Медициналық комиссия төрағасы |
Қайрат Көбентайұлы Бижанов |
|
2 |
Комиссия хатшысы |
Гүлнар Мәлібекқызы Шайхисламова |
Жазгүл Қаныбекқызы Дуйшева |
3 |
Хирург |
Айтжан Нышанұлы Тұранов |
Рәшида Қуатбекқызы Ибраева |
4 |
Терапевт |
Валентина Сергеевна Ушакова |
Гүлжамал Кұралқызы Баталова |
5 |
Офтальмолог |
Елубаева Надежда Жумахмедовна |
Сәуле Қайратқызы Тілеубекова |
6 |
Отоларинголог |
Бегалина Гүлдана Мерекеқызы |
Лариса Александровна Переверзева |
7 |
Невропатолог |
Тәңірберген Құдайбергенұлы Темірбаев |
Лидия Степановна Броновицкая |
8 |
Психиатр |
Салтанат Қуандыққызы Искакова |
Алима Төреахметқызы Ешниязова |
9 |
Тіс дәрігері |
Әнуарбек Шынарбекұлы Табиев |
|
10 |
Дерматолог |
Кәмшат Жақсылыққызы Дакенова |
|
11 |
Фтизиатр |
Татьяна Түсіпханқызы Болғамбаева |
Айтолкын Базарбайқызы Казанова |
12 |
Рентгенолог |
Валентина Викторовна Голоенко |
|
13 |
Лаборант |
Тілеукен Сатыбалдықызы Тұтқабекова |
|
14 |
Рентген-лаборант |
Бекзат Бақбергенұлы Жакупбеков |
|
15 |
Медбике |
Күлғайша Жаңабайқызы Жексембина |
|
16 |
Медбике |
Қияш Толеутаева Сламбекқызы |
|
17 |
Медбике |
Бекүл Сейітбекқызы Жұмабаева |
|
18 |
Медбике |
Құралай Оспанқұлқызы Әлімжанова |
|
19 |
Медбике |
Бақыт Мұхамеджанқызы Терлікбаева |
|
20 |
Дәрігерлер кабинетінің санитары |
Алтын Закиржанқызы Айтмағанбетова |