Балқаш қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 мамырдағы N 20/03 "1982-1991 жылдары туған азаматтарды 2009 жылдың көктемі мен күзінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қарашадағы N 45/01 қаулысы. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 22 желтоқсанда N 8-4-160 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 4-13/140 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің 31.01.2014 № 4-13/140 хатымен).

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Балқаш қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 мамырдағы N 20/03 "1982-1991 жылдары туған азаматтарды 2009 жылдың көктемі мен күзінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" қаулысының қосымшасына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-4-143 болып тіркелген, 2009 жылдың 29 мамырда N 63-64 (11421) "Балқаш өңірі" және N 62-63 (458) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) медициналық комиссиясының негізгі құрамына енгізілсін:
      Айтжан Нышанұлы Тұрановты – хирург;
      Гүлдана Мерекеқызы Бегалинаны – отоларинголог;
      2) медициналық комиссиясының резервтік құрамына енгізілсін:
      Лариса Александровна Переверзеваны - отоларинголог;
      3) медициналық комиссиясының негізгі құрамынан шығарылсын:
      Хамит Бакусұлы Сатимбековты – хирург;
      Қайрат Көбентайұлы Бижановты – отоларинголог.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылауын Балқаш қаласы әкімдігінің орынбасары Людмила Мырзахметқызы Түкбаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      Балқаш қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Ж. Нысанғалиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Балқаш қалалық қорғаныс
      істері жөніндегі
      біріктірілген бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Б. Бекмағамбетов

      "Қарағанды облысының денсаулық
      сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі
      Балқаш аймақтық өкілдігінің бастығы        М. Жанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады