"Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақыларын беру Қағидаларын бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 29 қарашадағы N 37/352 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2009 жылғы 11 қарашадағы N 24/181 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 09 желтоқсанда N 8-4-158 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010 жылғы 30 шілдедегі N 32/259 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010.07.30 N 32/259 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 710 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" және 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулыларына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 29 қарашадағы N 37/352 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақыларын беру Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-52 болып тіркелген, 2006 жылғы 22 желтоқсандағы N 104 "Балқаш өңірі" газетінде, 2006 жылғы 22 желтоқсандағы N 90-91 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған), қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 27 маусымдағы N 44/430  "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидаларын бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 29 қарашадағы N 37/352 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімімен өзгеріс енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-79 болып тіркелген, 2007 жылғы 20 шілдедегі N 60 "Балқаш өңірі" газетінде, 2007 жылғы 20 шілдедегі N 79-80 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған), қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 4/40 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидаларын бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 29 қарашадағы N 37/352 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-94 болып тіркелген, 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 7 "Балқаш өңірі" газетінде, 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 10-11 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) шешімнің тақырыбында және 1 тармағында "қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон" сөздері "телекоммуникация қызметтерін көрсеткені" сөздерімен ауыстырылсын;
      2) көрсетілген шешіммен бекітілген, Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақыларын беру Қағидаларында:
      тақырыбында және 1, 2, 3 қосымшаларында "қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон" сөздері "телекоммуникация қызметтерін көрсеткені" сөздерімен ауыстырылсын;
      1 тармақтың 5 тармақшасында, 2 тармақтың бірінші абзацында, 5, 10, 22 тармақтарда "қалалық" сөзі алынып тасталсын;
      2 тармақтың екінші абзацында "11" саны "8" санына аустырылсын;
      6 тармақта "тағайындалады." сөзінен кейін "Тұрғын үй жәрдемақысына құжаттар (өтініш берушінің арызы бойынша) өкілетті органмен немесе халыққа қызмет көрсету орталығымен рәсімделеді." деген сөйлеммен толықтырылсын;
      14 тармақтың бірінші абзацында "органдарға" сөзінен кейін "немесе халыққа қызмет көрсету орталығына" сөздерімен толықтырылсын;
      17 тармақтың 4 тармақшасында ", пәтердің карточкасы, үй кітабы" сөздері алынып тасталсын;
      17 тармақтың 8 тармақшасында "қалалық телекоммуникациялар желісінің" сөздері "телекоммуникация желілерінің" сөздерімен ауыстырылсын;
      31 тармақтың 11 тармақшасының алтыншы абзацы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "білім беру туралы заңнамаға сәйкес бiлiм беру ұйымдарында көрсетілетін көмек пен тегін тамақтандыру;";
      31 тармақ келесі мазмұндағы 14 және 15 тармақшаларымен толықтырылсын:
      "14) оралмандарға, халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі заңнамалық кесімдермен көзделген қаражат:
      тұрақты тұратын жеріне жол жүру және мүлкін жеткізу (оның ішінде малын) жөніндегі шығыстарды өтеуге;
      келген жерінде тұрғын үй сатып алуға және біржолғы жәрдемақы төлеуге;
      15) жергілікті бюджет қаражатынан көрсетілетін жеке санаттағы азаматтарға, ақшалай немесе заттай түрдегі көмек, оның ішінде:
      қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек;
      азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне байланысты әлеуметтік төлемдер.";
      32 тармақтың 2 тармақшасының он үшінші абзацы алынып тасталсын;
      42 тармақтың үшінші абзацында "психоневрологиялық" сөзінен кейін ", онкологиялық" сөзімен толықтырылсын;
      42 тармақтың алтыншы абзацы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "наркологиялық диспансердің анықтамасымен немесе уәкілетті органның арнайы комиссияның қорытындысымен расталған, есірткі заттарын, спиртті ішімдіктерді құмарлықпен салынып пайдалануына байланысты балалары мен басқа да асырауындағыларды ұстаудан жалтарған жағдайда.";
      49 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "49. Бiр сотка жерден (бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдың орташа түсiмiн (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) бір килограмм өнiмнiң орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады. Табысты, шығынды айқындау үшін бір сотка жерден (бір бастан) өндірілген өнімнің құнынан (ocы Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес) шығысының орташа деңгейi шегерiледi. Алынған мөлшер он екі айға бөлінеді және есепті кезеңдегі айлар санына көбейтіледі.";
      50 тармақтың бірінші абзацында "облыстық статистика органдары облыстық уәкілетті органға ұсынатын" сөздері "облыстық статистика органының деректері негізінде облыстық уәкiлеттi органмен берілетін" сөздерімен ауыстырылсын;
      50 тармақтың екінші абзацында "облыстық статистика органдарының деректері бойынша тірі мал нарығында" сөздері "облыстық статистика органының деректерiне сәйкес, іске асырған тиісті айда нарықта" сөздерімен ауыстырылсын;
      51 тармақта "тірі мал нарығында қалыптасқан, облыстық статистика органдары ұсынған" сөздері "облыстық статистика органының деректерiне сәйкес, оны сыйлаған немесе іске асырған (сату, сою) тиісті айда нарықта қалыптасқан" сөздерімен ауыстырылсын;
      52 тармақ алынып тасталсын;
      53 тармақта "толтырады" сөзі "рәсімдейді" сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени дамуы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Баймағанбетов Е.К.).
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрайымы,
      қалалық мәслихат хатшысы                   И. Сторожко

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қала әкімінің
      міндетін атқарушы                          Нысанғалиев Ж.Ә.
      12.11.2009 ж.

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімінің бастығы            Адамова Қ.Қ.
      11.11.2009 ж.

      Қаржы бөлімінің бастығы                    Томпиева Ж.Қ.
      11.11.2009 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады