Қарағанды облысының Қаражал қалалық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1993 жылы туған азаматтарды тіркеу жүргізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы N 6 шешімі. Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 желтоқсанда N 8-5-81 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімінің 2010.12.13 N 2 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына сәйкес Қаражал қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Азаматтарды әскери есепке қабылдау, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін, мамандығын белгілеу және дене даярлығы деңгейін анықтау мақсатында 2010 жылдың І-ші тоқсанында қаңтардан наурызға дейін Қазақстан Республикасының 1993 жылы туған, сондай–ақ одан үлкен жастағы шақыру учаскесіне бұрын тіркелмеген азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
      2. алынып тасталды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімінің 2010.02.01 N 1 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      3. Қаражал қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы (Қ.С. Тәттімбеков келісім бойынша) Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 18 бабының 3 тармағына сәйкес әскери есепке тұруға байланысты әскери міндеттерін орындаудан жалтарушыларды іздестіруді, ұстауды жүргізсін және қажет болған жағдайда әскери есепке алынуға байланысты Қорғаныс істер жөніндегі бөліміне жеткізуді қамтамасыз етсін.
      4. Жәйрем және Шалғы кенттерінің әкімдері, оқу орындардың, кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      5. Қаражал қаласының әкімінің 2009 жылғы 09 ақпандағы N 5 "Қарағанды облысының Қаражал қалалық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарды тіркеу жүргізу туралы" шешімінің, (2009 жылғы 19 ақпанның мемлекеттік тіркеу нөмері 8-5-65, 2009 жылы 28 ақпанда N 8 "Қазыналы өңір" газетіне жарияланған) күші жойылды деп саналсын.
      6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қаражал қаласы әкімінің орынбасары З. Оспановаға жүктелсін.
      7. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаражал қаласының әкімі                    Ғ. Мұқашев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қорғаныс істер жөніндегі
      бөлімінің бастығы
      А. Әлмағамбетов

      Ішкі істер бөлімінің бастығы
      Қ. Тәттімбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады