Қаражал қаласы әкімінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы "Қарағанды облысының Қаражал қалалық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1993 жылы туған азаматтарды тіркеу жүргізу туралы" N 6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімінің 2010 жылғы 01 ақпандағы N 1 шешімі. Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 10 ақпанда N 8-5-87 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімінің 2012 жылғы 2 шілдедегі N 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімінің 2012.07.02 N 2 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Қаражал қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Енбек кодексінің 109 бабы 4 тармағына сәйкес болмауына байланысты Қаражал қаласы әкімінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы "Қарағанды облысының Қаражал қалалық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1993 жылы туған азаматтарды тіркеу жүргізу туралы" (2009 жылғы 25 желтоқсанда мемлекеттік тіркеу нөмері 8-5-81, 2009 жылы 26 желтоқсанда N 52 "Қазыналы өңір" газетіне жарияланған) N 6 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      2 тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау Қаражал қаласы әкімінің орынбасары З. Оспановаға жүктелсін.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаражал қаласының әкімі                    Ғ. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады