2009 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1992 жылы туған азаматтардың тіркеуін жүргізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Сәтпаев қаласының әкімінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы N 01/01 шешімі. Қарағанды облысы Сәтпаев қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 03 ақпанда N 8-6-75 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына сәйкес, азаматтардың жыл сайынғы тіркеуін жүргізуді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету үшін, ШЕШТІ:
      1. "Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ (Грудей А.Д. - келісімі бойынша) 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1992 жылы туған, Сәтбаев қаласында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын Сәтбаев қаласының шақыру учаскесіне тіркеуге алынсын.
      2. Сәтбаев қаласы, Гурба көшесі 102, "Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ мекен – жайы бойынша Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласының азаматтарды тіркеу жөніндегі шақыру учаскесі ұйымдастырылсын.
      3. Шешімі орындалуын бақылау қала әкімнің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелсін.
      4. Осы шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       С.Т. Медебаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Сәтбаев қаласының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" ММ бастығы               А.Д. Грудей

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады