Салық салу объектісі бірлігінен алынатын тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 190 шешімі. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 13 ақпанда N 8-6-79 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2011 жылғы 25 наурыздағы N 417 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2011.03.25 N 417 шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
       1. Салық салу объектісі бірлігінен алынатын тіркелген салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
       2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы,
      қалалық мәслихат хатшысы                   М. Ковтун

Сәтбаев қалалық мәслихатының
2009 жылғы 29 қаңтардағы
XVI сессиясының N 190
шешіміне қосымша

Тіркелген салық ставкаларының мөлшері

р/с
N

Салық салу объектісінің атауы

Салық салу объектісінің бір бірлігіне бір айға тіркелген салық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1,8

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

2,1

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер

1,8

4.

Ойын жолы

19,2

5.

Карт

3,7

6.

Бильярд үстелі

10

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады