Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 18.04.2018 N 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Салық салу объектісі бірлігінен алынатын тіркелген салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Салық салу объектісі бірлігінен алынатын тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" Сәтбаев қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы XVІ сессиясының N 190 шешімінің (2009 жылғы 13 ақпанда Қарағанды облысы Әділет департаменті Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 8-6-79 нөмірімен тіркелген, "Шарайна" газетінің 2009 жылғы 20 ақпандағы 14 (1691) нөмірінде ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
қалалық мәслихат хатшысы | С. Имамбай |
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2011 жылғы 25 наурыздағы ХХХІІІ сессиясының N 417 шешіміне қосымша |
Тіркелген салық ставкаларының мөлшері
Рет N | Салық салу объектісінің атауы | Салық салу объектісінің бір бірлігіне бір айға тіркелген салық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен) |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2. | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1,8 |
4. | Ойын жолы | 19,2 |
5. | Карт | 3,7 |
6. | Бильярд үстелі | 10 |