Саран қалалық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы 10 сессиясының "2009 жылға жекеленген қызмет түрлеріне белгіленген жиынтық салық бағаларының мөлшерін және бір жолғы талондар құнын тағайындау туралы" № 198 шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қаласының мәслихатының 13 сессиясының 2009 жылғы 26 ақпандағы N 227 шешімі. Қарағанды облысы Саран қаласы Әділет басқармасында 2009 жылы 08 сәуірде N 8-7-82 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 21 сессиясының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 371 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 21 сессиясының 2009.12.22 N 371 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)", Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)", Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы", Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Саран қалалық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы 10 сессиясының "2009 жылға жекеленген қызмет түрлеріне белгіленген жиынтық салық бағаларының мөлшерін және бір жолғы талондар құнын тағайындау туралы" N 198 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 8–7–76 нөмірмен тіркелген, "Ваша газета" газетінде 2009 жылы 24 қаңтарда № 4 жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
      1) осы шешімнің 1 қосымшасы жаңа мазмұнда, аталған шешімнің 1 қосымшасына сәйкес берілсін;
      2) осы шешімнің 3 қосымшасы жаңа мазмұнда, аталған шешімнің 2 қосымшасына сәйкес берілсін.
      2. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Т. Глотова

      Мәслихат хатшысы                           Р. Бекбанов

Саран қалалық мәслихатының
2009 жылғы 26 ақпандағы
13 сессиясының N 227 шешіміне
1 қосымша

Ауық-ауық сипатта қызмет жасайтын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондар құны (тұрақты жайлардағы қызметтен басқа)*

N

Кәсіпкерлік қызмет түрлері

Айлық есептік көрсеткіштен пайыздық құны

1.

Бақша өнімдерін сату

13

2.

Газеттер мен журналдарды сату

9

3.

Үй маңында, саяжайларда өсірілген гүлдерді сату

12

4.

Қосалқы ауыл шаруашылық, бау-бақша, саяжайда өндірілген өнімдерді, жануарлар мен құстарға жемдерді, сыпырғыштарды, орман жидектерін, саңырауқұлақ, балықтар, бал сату.

6

5.

Тұқымдарды, сондай ақ көшет материалдарын сату

12

6.

Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке тракторлары және басқа ауыл шаруашылық техникасы бар адамдардың қызметі

24

*Ауық-ауық сипатта қызмет жасайтын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондар құнының (тұрақты жайлардағы қызметтен басқа) жиынтық салық бағаларының бірдей мөлшері салық салу обьектісіне бір күнге белгіленген.

Саран қалалық мәслихатының
2009 жылғы 26 ақпандағы
13 сессиясының N 227 шешіміне
2 қосымша

Жеке қызмет түрлеріне салық салу обьектісінің бірлігінен тіркелген жиынтық салығы ставкаларының мөлшері*

N

Салық салынатын обьектінің атауы

Салық салу обьектісінен тіркелген салық ставкасының бірыңғай мөлшері (айлық есептік көрсеткіштерімен)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшалай ұтысы жоқ ойын автоматы

6

2.

Көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ақшалай ұтысы жоқ ойын автоматы

9

3.

Ойынға арналған жеке компьютер

2

4.

Ойын жолдары

44

5.

Бильярд үстелі

7

*Тіркелген жиынтық салығы ставкаларының бірыңғай мөлшері бір жылға салық салу бірлігіне белгіленген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады