Саран қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы "2009 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы" N 576 қаулысына өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 12 наурыздағы N 33 қаулысы. Қарағанды облысы Саран қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 сәуірде N 8-7-83 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Қарағанды облысы Саран қаласының әкімінің 2011 жылғы 21 сәуірдегі N 5-2/748 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Қарағанды облысы Саран қаласының әкімінің 2011.04.21 N 5-2/748 хатымен).

      2009 жылға арналған жұмыссыздар үшін ақы төленетін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын қала ұйымдарының және олардың түрлерінің көбеюіне байланысты, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа ала отырып қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Саран қаласының әділет басқармасында тіркелген (N 8-7-75) және 2009 жылғы 24 қаңтардағы қалалық "Ваша газета" газетінде – ресми  N 4 басылымында жарияланған Саран қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы "2009 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы" N 576 қаулысына келесі өзгерту енгізілсін:
      қосымшаға сәйкес жаңа басылымда 1 қосымша жазылсын.
      2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді және қалалық "Ваша газета" газетінде ресми түрде жарияланған күннен кейін он күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылу қала әкімінің орынбасары Л.Н. Кимге жүктелсін.

      Саран қаласының әкімі                      Е. Жиенбеков

Саран қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 12 наурыздағы
N 33 қаулысына қосымша

Саран қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 18 желтоқсандағы
N 576 қаулысына 1 қосымша

2009 жылы жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын қала ұйымдарының тізімі және олардың түрлері

N

Жұмыстар түрі

Қоғамдық жұмыстарға қатысушылар саны

Жұмыс берушілер

1

Қала аумағын экологиялық сауықтыру, көркейту, көгалдандыру, ауланы жинау

40

"Абаттандыру" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

2

Қаланың бюджеттік ұйымдарындағы қосалқы жұмыстар

80

Қаланың бюджеттік, денсаулық сақтау ұйымдары

3

Құрылыс жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсету

20

Қаланың бюджеттік, білім беру ұйымдары

4

Мәдени шаралар өткізу

15

Мәдениет мекемелері

5

Халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына қызмет және көмек көрсету

45

Әлеуметтік көмек көрсету мекемелері

6

Бюджеттің кіріс бөлігін арттыру үшін салық органдарына көмек көрсету

30

Саран қаласы бойынша салық басқармасы

7

Саран қаласы бойынша әскерге шақыру және тіркеу компаниясын өткізу

15

Қалалық қорғаныс бөлімі

8

Шағын бизнесті дамытуда ұйымдарға көмек көрсету

35

Жаңа жұмыс орындарын құрушы, және істеп тұрған орындарды сақтаушы, жұмыс берушілерді ынталандыру

9

Ауылшаруашылық жұмыстар

10

Әлеуметтік көмек көрсету мекемелері

10

Құжаттамалармен техникалық жұмыс бойынша көмек көрсету

10

Саран қаласының ішкі істер бөлімі


БАРЛЫҒЫ:

300


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады