Саран қалалық мәслихатының 2006 жылғы 22 желтоқсандағы 32 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" N 517 шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Cаран қаласының мәслихатының 2 сессиясының 2007 жылғы 22 қазандағы N 36 шешімі. Қарағанды облысы Cаран қаласы Әділет басқармасында 2007 жылғы 26 қарашада N 8-7-51 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Cаран қаласының мәслихатының 16 сессиясының 2009 жылғы 23 шілдедегі N 282 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облысы Cаран қаласының мәслихатының 16 сессиясының 2009.07.23 N 282 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Саран қалалық мәслихатының 2006 жылғы 22 желтоқсандағы 32 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" N 517 шешіміне (2007 жылғы 10 ақпандағы N 6 “Ваша газета” газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінің тіркеу нөмірі 8–7-36) 2007 жылғы 4 қыркүйектегі 1 сессиясында "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" N 517 шешіміне өзгертулер және толықтырулар енгізу туралы" (2007 жылғы 6 қазандағы N 40 “Ваша газета” газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінің тіркеу нөмірі 8–7-49) N 27 шешімімен өзгертулер және толықтырулар енгізілген:
      1) "Көрсетілетін тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін анықтау" 2 бөлімнің 3 тармағы, 1 тармақшасындағы "өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңнамаларымен бекітілген (18 шаршы метр) отбасының әр мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормаларымен бірдей, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғызілікті азаматтар үшін - 30 шаршы метр" сөйлемі "көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектер үшін бөлінетін алаңның әлеуметтік мөлшері – пәтердің жалпы көлемі болып табылады" сөйлемімен толықтырылсын;
      2) "Жалпы ережелер" 1 бөлімнің 2 тармағындағы "тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 15% мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді" деген сөйлем "2008 жылғы 1 қаңтардан тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 10% мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді" сөйлемімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткен соң, қалалық "Ваша газета" газетінде ресми жарияланған күннен кейін, он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы                            С. Шайманова

      Мәслихат хатшысы                           Р. Бекбанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады