Саран қаласы және Ақтас кенті аумағында жануарларды ұстау қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қаласының мәслихатының 18 сессиясының 2009 жылғы 08 қазандағы N 315 шешімі. Қарағанды облысы Саран қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 қарашада N 8-7-92 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласының мәслихатының 2012 жылғы 11 маусымдағы N 64 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласының мәслихатының 2012.06.11 N 64 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексі, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі "Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру туралы" N 164 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылы 25 сәуірде N 2247 тіркелген) негізінде, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Саран қаласы және Ақтас кенті аумағында жануарларды ұстау  қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешімнің қабылдануына байланысты, Саран қалалық мәслихатының 2002 жылғы 27 қарашадағы 25 сессиясының "Саран қаласы және Ақтас поселкесі аумағында ит және мысық ұстау қағидасын бекіту туралы" N 324 шешімінің күші жойылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінің тіркеу нөмірі - 1021, 2002 жыл 6 желтоқсан, "Ваша газета" газетінде 2002 жылы 7 желтоқсан күні жарияланды, N 49).
      3. Осы шешім Әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, қалалық газетте ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

      Сессия төрағасы                            Е. Туркавский

      Мәслихат хатшысы                           Р. Бекбанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Саран қаласы бойынша мемлекеттік
      санитарлық – эпидемиологиялық
      бақылау басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _________________ Б. Аброев
      2009 жыл 14 қазан

      "Саран қаласы тұрғын үй –
      коммуналды шаруашылығы,
      жолаушылар көлігі және
      автомобиль жолдары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _________________Л. Ким
      2009 жыл 14 қазан

      "Саран қаласы ауыл шаруашылығы
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _________________А. Қосшығұлов
      2009 жыл 14 қазан

      "Қазақстан Республикасының
      ауыл шаруашылығы Министрлігі
      агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік
      инспекция комитетінің Саран қалалық
      аумақтық инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ___________________С. Көкшебаев
      2009 жыл 14 қазан

      Қарағанды облысы ішкі істер
      Департаментінің Саран қалалық
      ішкі істер бөлімінің бастығы,
      полиция подполковнигі
      ___________________Е. Рахымбергенов
      2009 жыл 14 қазан

Саран қалалық мәслихатының
2009 жылғы 8 қазандағы
18 сессиясының N 315
шешімімен бекітілді

Саран қаласы және Ақтас кенті аумағында жануарларды ұстау
ҚАҒИДАСЫ

      Саран қаласы және Ақтас кенті аумағында жануарларды ұстаудың осы Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан халықтың денсаулығын қорғау, сонымен қатар, олардың бірге өмір сүруіне қолайлы жағдай қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы", Заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру туралы" N 164 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 25 сәуірде N 2247 тіркелген) сәйкес әзiрлендi.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) қараусыз жануарлар - меншік иесі бар және оның иелігінен (қарауынан) уақытша босып кеткен, иесі болмаған немесе иесі белгісіз жануарлар, сондай-ақ оның иесі меншік құқығынан бас тартқан үй жануарлары;
      2) ветеринарлық құжаттар - мемлекеттiк ветеринарлық қадағалау объектiлерiне ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ветеринарлық инспекторлар беретiн ветеринарлық-санитарлық қорытынды, ветеринарлық куәлiк, ветеринарлық сертификат, ветеринарлық анықтама;
      3) ветеринарлық iс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, емделуiн немесе диагностикасын қоса алғанда, оның шығуын, таралуын болдырмауға немесе оны жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн аса қауiптi аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға, алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнiмдiлiгiн арттыруға; жануарлардың және адамдардың денсаулығына жұқпалы, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бiрдейлендiру рәсiмiн қоса, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған iндетке қарсы, ветеринарлық-санитарлық рәсiмдер кешенi;
      4) ветеринарлық төлқұжат - ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысандағы құжат, онда жануардың иесi, жануардың түрi, жынысы, түсi, жасы, жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу мақсатында жүргiзiлген ветеринарлық шаралардың мерзiмдерi мен сипаты көрсетiледi;
      5) ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережелер - ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн, қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшiн мiндеттi болып табылатын ветеринарлық нормативтер негiзiнде, ветеринарлық iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт;
      6) ветеринарлық - санитарлық сараптама - жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринарлық нормативтерге сәйкес келуiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы тексеруi;
      7) жануар иесі - жеке және өзгенің меншігінде жануары бар заңды тұлға;
      8) иттер мен мысықтарды серуендету - иесінің меншігі болып табылатын немесе басқа тұлғаның жалға алған жануарлардың жайлардан тыс болуы;
      9) дезинфекция, дезинсекция және дератизация - жұқпалы және паразиттік ауруларды қоздырғыштарды, тұрмыстық жәндіктерді және кеміргіштерді өндірістік, тұрғын үй ғимараттарында, көлікте, қоғамдық орындардың жайларында және аумақтарда жоюға арналған алдын алу шаралары;
      10) жабайы жануарлар - құрылықтағы, судағы, атмосферадағы және топырақтағы табиғи еркіндік жағдайында тіршілік ететін сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, моллюскалар, жәндіктер және басқалар;
      11) үй жануарлары - ауыл шаруашылық мақсаттағы жануарлардан басқа, адамның толық немесе жартылай ұстайтын тамақ өнімдері мен өнеркәсіп шикізатын алу үшін пайдаланбайтын зоологиялық түрлері, сүт қоректілер, оның ішінде иттер, мысықтар, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар және басқа жануарлар әлемінің өкілдері;
      12) инсектицидті препараттар - зиянды жәндіктермен күресудің химиялық құралдары;
      13) қоғамдық орындар - адамдардың көп жиналатын немесе адамдардың жиналуы мүмкін орындар, оның ішінде көшелер, скверлер, саябақтар және азаматтардың демалатын өзге орындары, шомылатын жерлер, стадиондар, сауық шаралары жүргізілетін орындар;
      14) жануарларға арналған паналау баспанасы - қараусыз жануарларды уақытша ұстау үшін арналған арнайы жабдықталған нысандар;
      15) ауыл шаруашылығы жануарлары - адамдар өсіретін ауыл шаруашылығы өнімдеріне тікелей қатысы бар барлық жануарлар түрлері;
      16) жануарларды ұстау - жануар иелерінің жануарлардың өмірін, оның жеке саулығын сақтау үшін, ветеринарлық-санитарлық қолайлы жағдайларды ұстана отырып, толыққанды тұқым алу, сондай-ақ адамдардың және жануарлар әлемінің қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі іс әрекеттері;
      2. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, адамдардың және жануарлардың денсаулығына аса қауіп туғызатын жануарлар тартылып алынады және жойылады.
      3. Осы Қағида талаптары меншік түріне және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, Саран қаласы мен Ақтас кентінің аумағында орналасқан, жеке және басқадай меншігінде жануары бар жеке және заңды тұлғаларға, барлық жануар иелеріне таралады.

2. Жануарларды тіркеу тәртібі

      4. Уәкілетті мемлекеттік органдармен жануарларды тіркеу және есепке алу бойынша, сондай-ақ Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша жануарларды бірдейлендіру мәліметінің компьютерлік базасын жасау: "Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Саран қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі, "Саран қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылады.
      5. Жануарларды тіркеу, жануарлардың ауруларының алдын алу және диагностика бойынша ветеринарлық өңдеуді жүзеге асыру үшін, жануарларды тіркеу және бақылауды өткізу мақсатында, оларды бірдейлендіру жолымен жүзеге асырылады. Тіркелген жануарға ветеринарлық төлқұжат рәсімделеді және идентификациялық нөмір беріледі. Аталған құжаттар оның бар өміріне сақталады, егер жануар өліп қалса, ветеринарлық төлқұжат бұрын тіркелген уәкілетті мемлекеттік органға тапсырылады.
      6. Тұрғындарға, меншік түріне және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, кәсіпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге тиесілі барлық жануарлардың түрлері Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша жануарларды бірдейлендірудің компьютерлік мәліметтер базасына енгізу үшін жануарларын тіркеу және есепке алу жөніндегі уәкілеттік мемлекеттік органның белгілеген мерзімінде есепке алуға және тіркеуге жатады.
      7. Жануарларды бірдейлендіру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары және халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

3. Ауылшаруашылық, үй, жабайы, жыртқыш, улы және экзотикалық жануарларды, құстар мен бал араларын ұстау

      8. Жануар иесі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жануарларды сатып алады және өз иелігінен айырады, жануарларды ұстау, көбейту туралы керекті ақпараттарды жануарлар иелерінің қоғамынан (клубтарынан), ветеринарлық ұйымдардан алады.
      9. Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау, көбейту, жаю, айдау санитарлық аймақтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Мұндайда жануарды жиналу орнына және ол жерден белгіленген айдау маршруттары бойынша бірге алып жүру керек.
      10. Ауыл шаруашылық жануарларын, құстарды ұстау қолданыстағы ветериналық - санитарлық нормаларға сәйкес және қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін есепке ала отырып, арнайы жабдықталған бөлмелерде ұсталады, жанурларды ұстау орындары үнемі инсектицидті және дератизациялық препараттармен тазартылып отыру қажет.
      11. Уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімінсіз жануарлардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес, арнайы ұстайтын орны жоқ жағдайда, осы салада арнаулы білімі, осы жануарларды ұстауға машықтанбаған және тәжірибесі жоқ болса жабайы, жыртқыш және улы жануарларды ұстауға жол берілмейді.
      12. Ара өсірумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар омартаны адамдарға қауіп төндірмейтін орындарда орналастырады, оларды есепке алу және емдеу - сауықтыру іс-шараларын жүзеге асыру үшін әрбір омартаға ветеринарлық төлқұжат беріледі.
      13. Жануар иесіне – жеке және заңды тұлғаларға:
      1) жануарларды хайуанаттар бағындағы, цирктегі, омартадағы, аквариумдағы жануарларды қоса алғанда, жануарларды ұстауды, көбейтуді және пайдалануды ветеринарлық ережелер мен нормативтерге сәйкес жүзеге асыру, жануарлардың ауруларын ескертуді қамтамасыз ететін ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ветеринарлық (ветеринарлық - санитарлық) ережелерін сақтай отырып, ветеринарлық (егу) және әкімшілік шаруашылық іс - шараларды жүргізуді жүзеге асыру;
      2) жануарларды ұйымдар мен мекемелерде, сондай – ақ балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде, мектептерде, мектепке дейінгі мекемелердің "зоологиялық бұрыштарында", мектеп оқушылары сарайларында, жазғы және қысқы демалу, сауықтыру, санаториялық - курорттық мекемелерде (шипажайларда, демалыс үйлерінде, пансионаттарда) санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органы және ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша жауапты тұлғаға рұқсат етіледі;
      3) ветеринарлық мекемелердің мамандарына олардың негізделген талабы бойынша қарау, диагностикалық зерттеуге және емдеу - алдын алу шаралары, егу мен вакцинация жүргізу үшін жануарларды кедергісіз көрсету керек;
      4) жануарлардың кенеттен өлгені мен бірнеше жануарлардың бір уақытта ауырғаны немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткені туралы ветеринарлық мамандарға хабарлау. Ветеринар мамандар келгенше ауруға ұшыраған сезікті жануарларды оқшаулап ұстауға шара қабылдау және ауырып өлгендігіне күдікті жануардың өлігін сақтау;
      5) өлген жануардың өлігін тастауға жол бермеу, жануардың өлігін малқорымына (Беккар шұңқырына) көму (утилдеу) қажет;
      6) сою алдында ветеринарлық тексеруден өтпеген және сойылғаннан кейін оның сойылған еті және органдары ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өтпеген болса, онда ауыл шаруашылығы жануарының өнімін сатуға жібермеу;
      7) жануардың қоршаған ортаға қауіп және мазасыздық тудырмауын қамтамасыз ету, азаматтардың және заңды тұлғалардың мүліктеріне, денсаулықтарына нұқсан келтірмеу. Күзетші иттерді қоршалған аумақтарда, жануарлардың қашып шығуын, жануардың адамдарға және басқа жануарларға шабуылдауын болдырмайтындай болуы керек. Аулаға кірер кезде, иттің бар екенін ескертетін тақтайшаға иттің суреті салынып "Ит күзетеді!", "Охраняется собакой!" деген ескерту жазуды қамтамасыз ету;
      8) адамды қауып алған, оған жарақат келтірген жағдайда зардап шеккен адамға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін емханаға жеткізу, жануардың құтыру ауруын анықтау үшін ветеринарлық қызметтерге тез арада хабарлау керек;
      9) иттерді серуендету уәкілетті мемлекеттік орган анықтаған бос серуендеу орындарында, үйрету алаңдарында, тек қоршалған аумақтарда ғана, нәжісін жинап алатын ыдысы болғанда, иттердің тұмсығына тұмылдырық кигізілген (декоративтік тұқымды иттерден басқалары) және қысқа бауда (1,5 метрге дейін) болса рұқсат етіледі;
      10) жануарларды серуендететін орындарда олардың тезегін жинап алады, көп қабатты үйлердегі дәліздердің аумақтарын, баспалдақтарын, лифттерді, жаяу жүргіншілер жүретін орындарын қоса;
      11) жануарларды қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, субұрқақтарда, су қоймасына және су жинау алаңына шомылдыруға және жуындыруға жол берілмейді;
      12) жануарды ұстауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, оны басқа адамға беру немесе қаңғыбас жануарларды аулау бойынша арнаулы қызмет бөліміне тапсыру керек;
      14. Жол берілмейді:
      1) тұрғын үй қоры пәтерлерінде ауыл шаруашылығы малдары мен құстарды ұстауға (ірі қаралар, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер, шошқалар, маралдар мен бұғылар, тауықтар, үйректер, қаздар, күркетауықтар, бал аралар, мамық жүнді аңдар);
      2) үй жануарларын көпшілік жүретін орындарда (дәліздерде, баспалдақтарда, жертөледе, шатырларда, лоджияларда, балкондарда және басқа да қосымша орынжайларда), үй жанындағы орындарда (жеке тұрғын үй қоры үйлерінің жанындағы орындардан басқа), жатақхананың дәліздерінде ұстауға;
      3) көзі әлсіз көретін адамдарды алып жүретін иттерден басқа иттерді қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында, азық-түлік дүкендерінің сауда және өндірістік залдарында, қызмет көрсету орындары мен мәдениет мекемелерінде ұстауға;
      4) адамның өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайларда өзін-өзі қорғау әрекетінен басқа, жалпы қабылданған парасаттылық пен адамгершілік қағидаларын бұзатын жануарларға қатысты (ұру, жарақат салу, өлтіру) күш қолдануға;
      5) Саран қаласы және Ақтас кентінің аумағында иттерді төбелестіру және басқа да жануарларға қатысты қатыгез іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізуге, (жануарларға зақым келтірмейтін және күзетші иттерді өсіру үшін дұрыс тұқымдық сұрыптау жүргізуге мүмкіндік беретін, арнайы ережелермен иттердің жұмыс сапаларын тексеруді көздейтін іс шаралардан басқа);
      6) иттер мен мысықтарды оның терісін пайдалануға, етін тұтынуға, өңдеу және сату үшін оларды ұстауға немесе аулауға;
      7) үй жануарларын (иттерді) қоғамдық орындарда, тұрмыстық қызмет көрсету орындарында, дәріханалар мен емханаларда, дүкендерде, ғимараттар мен жайларда иесі болмаса алып жүруге болмайды, тек адамдардың өтуіне кедергі келтірмейтін, итінің тұмылдырығы және қысқа бауымен оның иесі байлап қойса, рұқсат етіледі. Кәсіпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге итпен нысандарға келуге тиым салынғаны жөнінде белгі орналастыруы керек;
      8) үй жануарларын (иттер мен мысықтарды) көшелерде, алаңдарда, гүлзарларда, балалардың алаңқайлары және спорт алаңдарында, қалалық шомылу орындарында, мектепке дейінгі және оқу орындарының, емдеу мекемелерінің аумақтарында, саябақтарда және қала тұрғындарының жаппай демалатын басқа орындарында ішімдіктің және есірткінің салдарынан мас күйдегі адамдар мен 16 жасқа толмаған балаларға серуендеуге болмайды, адамдарды құтқару жөніндегі жұмысты орындаушы, сондай-ақ қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтаушы қызметтік иттерден, сондай – ақ көру мүмкіншілігі аз адамдарды ертіп жүретін иттерден басқасы;
      9) 16 жасқа толмаған тұлғалар иттің иесі бола алмайды.

4. Бақылаусыз жануарларды сату, сатып алу, тасымалдау және тауып алу, аулау

      15. Саран қаласы және Ақтас кентінің аумағына шет мемлекеттерден жануарларды алып келу, алып кету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтай отырып, уәкілетті мемлекеттік органының рұқсаты болғанда жүзеге асырылады.
      16. Мемлекеттік уәкілетті органдардың жолдамасы немесе рұқсаты болмаса, селекциялық (асыл тұқымды) және ұлттық құндылығы бар жануарларды мемлекеттің аумағынан сырт жерге шығаруға жол берілмейді.
      17. Жануарларды тасымалдау (орын ауыстыру) уәкілетті мемлекеттік органның берген арнаулы үлгідегі ветеринарлық төлқұжаты мен жүргізілген алдын ала емдеу және денсаулығы туралы белгісі бар ветеринарлық куәлігі болған жағдайда жол беріледі.
      18. Жануарларды әуе, теміржол және автомобиль көлігінде Саран қаласынан және Ақтас кентінен тысқары жаққа тасымалдау осы көліктердің түрлерінде жануарларды тасымалдау қағидаға сәйкес жүзеге асырылады.
      19. Қалалық қоғамдық көліктерде иттерді көліктердің артқы алаңдарында, тұмылдырығы кигізілген және қысқа бауда болуы, декоративті тұқымды иттер мен мысықтар арнайы торларда (тасымалдауға арналған контейнерлерде), олардың нәжістерін жинап алатын ыдысы болса ғана тасымалданады. Жануарды тасымалдау жолаушылардың мазасын алмайтындай жағдайда болуы керек;
      20. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жануарларды жануарлар иелері қоғамы (клубы) және питомниктер арқылы, зоодүкендерде және жануарлар сатылатын мамандандырылған базарларда сатуға, сатып алуға болады..
      21. Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретiлген жануарларды ұстап алған адам олардың меншiк иесiнен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнің  245-бабының 6-тармағына сәйкес, сыйақы төлеудi талап етуге құқылы.
      22. Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретiлген жануарларды ұстап алған адам оларды меншiк иесiне қайтаруға, ал егер оның өзi немесе тұрған жерi белгiсiз болса, осындай жануарларды ұстаған кезден бастап үш күннен кешiктiрмей табылған жануарлар туралы iшкi iстер органдарына мәлiмдеуге мiндеттi, олар меншiк иесiн iздестiру шараларын қолданады. Жануар иесін іздестіру кезінде жануар ұстап отырған адамның иелігінде қалады, немесе жануарды ұстауға жағдайы келетін басқа біреуге тапсыруына болады.
      23. Жануарлардың меншiк иесiн iздестiру кезеңiнде жануарларды ұстаушы адам оларды өзiнiң бағуында және пайдалануында қалдыруы, не ол бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар басқа адамға тапсыруы мүмкiн. Жануарларды ұстап алған адамның өтiнiшi бойынша оларды бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар адамды iздеп табуды және оларға жануарларды берудi жүзеге асырады.
      24. Бақылаусыз жануарларды аулауды Саран қаласы әкімгерлер бағдарламалары (иттер мен мысықтарды) ұйымдастырады.
      25. Жануарлар үшін питомниктер мен баспаналарды жеке және заңды тұлғалар қолданыстағы заңға сәйкес ұйымдастырады.

5. Саран қаласында және Ақтас кентінде жануарларды ұстау Қағидасының орындалуын бақылау

      26. Белгіленген өкілеттілік шеңберінде ішкі істер органдары:
      1) осы Қағиданы азаматтардың, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің сақтауларына бақылау жүргізуге ветеринарлық, санитарлық, эпидемиологиялық мекемелерге қажетті көмек көрсетеді;
      2) ерекше жауапкершілікті қажет ететін иттерді алып жүру, сыртқа шығару, асырау, өсіру құқықтары азаматтармен, кәсіпорындармен, ұйымдармен келісім жүргізілгенде қатысады;
      3) осы Қағидада көрсетілген талаптар бұзылса, жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
      27. Мемлекеттік ветеринарлық қадағалау органдары белгіленген өкілеттілік тәртібінде:
      1) белгіленген мерзімде эпизоотикаға қарсы шараларды ұйымдастырады және бақылайды;
      2) жануарларды қаладан тыс шығарғанда оларға ветеринарлық куәлік береді;
      3) қараусыз жануарларды аулау жөніндегі қызметтерге олардың жұмысын ұйымдастыруға көмек көрсетеді;
      4) жануарлар иелерінің ветеринарлық және санитарлық талаптарды орындауларына бақылауды жүзеге асырады;
      5) ветеринария туралы заңнаманы бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартады;
      6) кинолог қызметімен шұғылданатын қоғамдар мен клубтарға, сондай-ақ иттер мен басқа жануарларды ұстайтын кәсіпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге ветеринарлық – санитарлық қорытындыны береді.
      28. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары өздеріне белгіленген өкілеттілігі шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды.
      29. Мемлекеттік ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары жергілікті атқару органдарымен бірлесіп адамдар мен жануарларға ортақ ауруларды ескерту мақсатында, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ буклеттер, плакаттар және тақталар түрінде көрнекі жәрдем береді.

6. Қорытынды ережелер

      30. Осы Қағиданың талаптарын бұзуға кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" N 155 Кодексінің 310311 баптарына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" N 339 Заңына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
      31. Материалдық шығын болған жағдайда, зардап шеккен адам шығынды өтетуге сотқа жүгінуге құқылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады