Шахтинск қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 8/16 қаулысы. Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 09 шілдеде N 8-8-69 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі N 11/4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 04.04.2014 N 11/4 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 2010.04.19 N 7/12 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      1.п"Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      1) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге ниет білдірген мақсатты топтар қатарына жататын жұмыссыз азаматтарды жұмысқа жіберу және қабылдау, осы санаттағы азаматтарды қызметке орналастыру жөнінде жұмыс берушілермен шарт жасау, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың тиімділігін қадағалау және жасалған шарттарды орындау бойынша жұмыстар жүргізсін;
      2) соңынан сәйкес шарт жасай отыра, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынушы жұмыс берушілердің іріктеуін жүргізсін;
      3) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мониторингін жүргізсін.
      2. Долинка, Новодолинский, Шахан кенттердің әкімдері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тіркеуде тұрған, мақсатты топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға жәрдем көрсетсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Б.К. Егишевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Е. Утешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады