Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне атаулы көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі N 10/03 қаулысы. Қарағанды облысы Абай ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 мамырда N 8-9-59 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі N 07/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2010.04.12 N 07/02 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және Абай ауданының Әділет басқармасында 2008 жылдың 29 желтоқсанында № 8-9-50 тіркелген, "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде 2009 жылдың 1 қаңтарында № 1-2 (3747) жарияланған Абай аудандық мәслихаттың 10 кезекті сессиясының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 10/115 "2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы" шешімін орындау мақсатында Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.А. Ақсанов) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұрған Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтер төлемдерінің шығындары бойынша атаулы көмектің ай сайын уақытылы тағайындалып, азаматтардың жеке шоттарына түсуін қамтамасыз етсін.
      2. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді төлеу шығындары бойынша 2009 жылға арналған бюджеттік өтінімге сәйкес атаулы көмектің 3000 (үш мың) теңге сомасында ай сайынғы мөлшері бекітілсін.
      3. Абай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы 01/40 "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтер төлемдерінің шығындары бойынша атаулы көмек көрсету туралы" қаулысы жойылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары І.І. Ісләмовқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі                       Т. Алтынбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады