Жаңаарқа ауданы аумағында 2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 наурыздағы N 41 қаулысы. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 03 сәуірде N 8-12-53 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қаңтардағы N 1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2010.01.10 N 1 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесіне" орай, Жаңаарқа ауданы көлемінде жұмыссыз азаматтарды жұмысқа тарту және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жаңаарқа ауданы бойынша 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын аудандағы мекеме, ұйымдары және кәсіпорындарының тізбесі, жұмыс түрлері мен көлемдері, қаржыландыру көзі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Уәкілетті орган "Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Шолпан Қалуқызы Ибраеваға жұмыс берушілерімен қоғамдық жұмыстарды орындауға типтік шарт жасасын.
      3. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы Амангелды Жылқыбайұлы Жылқыбаевқа, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Шолпан Қалуқызы Ибраеваға қоғамдық жұмыстарға қатысқан жұмыссыз азаматтарға айына ең төменгі еңбекақы 13470 (он үш мың төрт жүз жетпіс) теңге көлемінен кем емес жалақы төлеу жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүргізу ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Марат Жандаулетұлы Жандаулетовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Аудан әкімі                                Х. Омаров

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Жаңаарқа ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      Ш. Ибраева ______________________
      10 наурыз 2009 жыл

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Жаңаарқа ауданының қаржы
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      А. Жылқыбаев ______________________
      10 наурыз 2009 жыл

Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 10 наурыздағы
N 41 қаулысына қосымша

2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Жаңаарқа ауданының мекемелері, ұйымдары және кәсіпорындары мен жұмыс түрлерінің тізбесі

Ретсаны

Кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар атаулары

Адам саны

Жұмыс түрлері

Қаржыландыру көзі

Жұмыс көлемі (теңге)

1.

"Атасу кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

214

Кент аумақтарын және парктерді, саяжайларды тазалау, сәулеттендіру, көгалдандыру, әлеуметтік карта жасау, автомобиль жолдарын жөндеу, күрделі және ағымды құрылыс жұмыстарына, мәдени обьектілерді жөндеуге қатысу, мекемелердің қысқа дайындық, науқандық жұмыстарына, су құбырларын жөндеу жұмыстарына қатысу, тағы басқа жұмыстар

Аудандық бюджет

1094
5,1

2.

"Ақтау селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

10

Селолық округті көркейту, көгалдандыру, тұрғындармен жұмыс және әлеуметтік карта жасау

Аудандық бюджет

404,1

3.

"Айнабұлақ селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

10

Селолық округті көркейту, көгалдандыру, тұрғындармен жұмыс және әлеуметтік карта жасау

Аудандық бюджет

404,1

4.

"Ақтасты селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

6

Селолық округті көркейту, көгалдандыру, тұрғындармен жұмыс және әлеуметтік карта жасау

Аудандық бюджет

242,5

5.

"Ақтүбек селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

20

Селолық округті көркейту, көгалдандыру, тұрғындармен жұмыс және әлеуметтік карта жасау

Аудандық бюджет

808,2

6.

"Жұмажанов селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

5

Селолық округті көркейту, көгалдандыру, тұрғындармен жұмыс және әлеуметтік карта жасау

Аудандық бюджет

202,0

7.

"Бидайық селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

10

Селолық округті көркейту, көгалдандыру, тұрғындармен жұмыс және әлеуметтік карта жасау

Аудандық бюджет

404,1

8.

"Байдалы би селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

15

Селолық округті көркейту, көгалдандыру, тұрғындармен жұмыс және әлеуметтік карта жасау

Аудандық бюджет

606,1

9.

"Ералиев селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

20

Селолық округті көркейту, көгалдандыру, тұрғындармен жұмыс және әлеуметтік карта жасау

Аудандық бюджет

808,2

10.

"Қараағаш селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

15

Селолық округті көркейту, көгалдандыру, тұрғындармен жұмыс және әлеуметтік карта жасау

Аудандық бюджет

606,1

11.

"Қызылжар селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

10

Селолық округті көркейту, көгалдандыру, тұрғындармен жұмыс және әлеуметтік карта жасау

Аудандық бюджет

404,1

12.

"Сейфуллин селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

15

Селолық округті көркейту, көгалдандыру, тұрғындармен жұмыс және әлеуметтік карта жасау

Аудандық бюджет

606,1

13.

"Түгіскен селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

15

Селолық округті көркейту, көгалдандыру, тұрғындармен жұмыс және әлеуметтік карта жасау

Аудандық бюджет

606,1

14.

"Целинный селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

10

Селолық округті көркейту, көгалдандыру, тұрғындармен жұмыс және әлеуметтік карта жасау

Аудандық бюджет

404,1

15.

"Жаңаарқа аудандық әділет бөлімі" мемлекеттік мекемесі

6

Құжаттарды және жеке кәртішкелерді тіркеу және т.б

Аудандық бюджет

242,5

16.

"Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі

10

ҚР Қарулы күштер қатарына шақыру бойынша хабарлама жеткізу

Аудандық бюджет

404,1

17.

"Аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі

10

Күрделі және ағымды жұмыстарға, мәдени обьектілерді жөндеуге қатысу, қысқы науқандық жұмыстарға қатысу

Аудандық бюджет

404,1

18.

"Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

10

Аз қамтылған отбасыларды, жалғыз басты қарт адамдарды күту, әлеуметтік көмек алушы отбасыларына құжаттар дайындауға көмектесу, ауруларды аралау, әлеуметтік карта жасау.
Республикалық және аумақтық деңгейдегі өткізілетін қоғамдық ұйымдардың жұмыстарына қатысу

Аудандық бюджет

404,1

19.

"Аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

2

Құжаттармен жұмыс, жер учаскелеріне түгендеу жүргізу

Аудандық бюджет

80,9

20.

"Аудандық медицина бірлестігі" КМҚК

10

Күрделі және ағымды жұмыстарға, әлеуметтік-мәдени обьектілерді жөндеуге қатысу, сырқаттанған адамдарды күту, ауруларды аралау

Аудандық бюджет

404,1

21.

"Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі

10

Ауқымды мәдени іс- шаралар жұмыстарын ұйымдастыруға қатысу (жарыстар, фестивальдар)

Аудандық бюджет

404,1

22.

"Аудандық салық басқармасы" мемлекеттік мекемесі

15

Салықтарды жинау туралы хабарламаларды тарату

Аудандық бюджет

606,1

23.

"Аудандық спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі

10

Спорт алаңдарын жөндеуге қатысу және ағымды жұмыстарға қатысу

Аудандық бюджет

404,1

24.

"Аудандық статистика бөлімі" мемлекеттік мекемесі

10

Құжаттарды тіркеу, мәліметтер жинастыру, қоғамдық жұмыстарға қатысу

Аудандық бюджет

404,1

25.

"Аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі

20

Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау шараларына қатысу, шақыру қағазын тарату

Аудандық бюджет

808,2

26.

МК қазақ автожолы облыстық филиалының N 43 жол пайдалану бөлімшесі

10

Автомобиль жолдарын күрделі және ағымдық жөндеу

Аудандық бюджет

404,1

27.

Жаңаарқа аудандық қылмыстық атқару инспекциясы

2

Сотталғандармен тиісті деңгейде алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру

Аудандық бюджет

80,8

Барлығы

500


22492,0

      Қоғамдық жұмыскерлер өз қызметтерін екі ай бойы жүзеге асырады. Жұмыс беруші қоғамдық жұмыскерлермен бөлінген қаражат шегінде шарт жасауға құқылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады