Ескерту. Күші жойылды - Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2010.04.22 N 83 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 779 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 779 Жарлығын іске асыру туралы" N 543 Қаулысына орай, 1982-1991 жылдары туған Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын азаматтарды 2009 жылдың көктем және күз мезгілдерінде әскери қызметке шақыруды ұйымдастырып, өз мәнінде жүргізу мақсатында Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңаарқа ауданы аумағында 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларының аралығында 1982-1991 жылдары туған, әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ әскер жасындағы ер азаматтарды міндетті мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
2. Аудандық әскер қатарына шақыру мақсатында құрылған комиссиясының құрамы бекітілсін (N 1 қосымшада көрсетілген).
3. Аудандық медициналық бірлестігіне (Жаңыл Жамантікқызы Қожабековаға - келісімі бойынша):
1) медициналық комиссияның құрамын жасақтау, қажетті дәрі-дәрмектермен, құрал-жабдықтармен, медициналық және шаруашылық заттармен қамтамасыз ету, қажет жағдайда қосымша дәрігер мамандар мен медбибілерді бөлу;
2) 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айлары аралығында кезекті әскери қызметке шақырылған азаматтарды медициналық сараптамадан өткізу жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылсын.
3. Әскери қызметке шақырылған азаматтарды медициналық сараптамадан өткізу мақсатында маман дәрігерлер мен медбибілердің құрамы бекітілсін (N 2 қосымшада көрсетілген).
4. Кент және селолық округ әкімдеріне әскерге шақырылған азаматтарды медициналық сараптау комиссиясына уақытында және толықтай жеткізу міндеттелсін.
5. Аудандық ішкі істер бөліміне (Ұлан Шәкірұлы Қасымовқа - келісімі бойынша):
1) әскер қатарына шақырушылар арасында әскери қызметті өтеуден жалтарғандарды іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру;
2) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде, жөнелту станциясында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
3) осы мақсатта 2009 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айлары аралығында бір учаскелік инспектор бөлу ұсынылсын.
6. Әскери қызметке шақыру комиссиясына келуден бас тартқан азаматтардың уақытында келуін қамтамасыз ету мақсатында іздестіру тобы құрылсын
Танкебаев Бекмұрат - аудандық қорғаныс істер бөлімінің
Қамалұлы орынбасары, іздестіру тобының
бастығы
Қасымов Жағыпар - іздестіру тобының мүшесі, аудандық
Фазылұлы ішкі істер бөлімінің қылмыстық
іздестіру бөлімінің бастығы
7. 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айлары аралығында көктемгі, күзгі мезгілдерінде әскери қызметке шақыруды ұйымшылдықпен өткізу үшін Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Шолпан Қалуқызы Ибраеваға техникалық қызметкерлердің жұмысын атқару үшін қоғамдық жұмыскерлермен қамтамасыз етсін.
8. Жаңаарқа станциясының бастығына (Мақпал Қасіретқанқызы Багарамоваға - келісімі бойынша) әскерге шақырылған командаларын Жаңаарқа станциясынан Қарағанды станциясына дейін жіберу үшін поезда отыратын орындармен қамтамасыз ету ұсынылсын.
9. Аудан әкімінің орынбасары Марат Жандәулетұлы Жандәулетовке және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Сағадат Қуанышбекұлы Қасымовқа әскер қатарына алынушылар күніне байланысты шығарып салу салтанаты мен жиынын өткізу ұсынылсын.
10. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы Аманкелды Жылқыбайұлы Жылқыбаевқа 2009 жылғы көктемгі және күзгі әскерге шақыру науқанын қаржыландыру тапсырылсын.
11. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2 сәуір 2008 жылғы "1981-1990 жылдары туған Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын азаматтарды 2008 жылдың көктем және күз мезгілдерінде әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы" N 130 қаулысының (Қарағанды облысы Әділет департаменті Жаңаарқа ауданы әділет басқармасында 14 сәуір 2008 жылы N 8-12-42 тіркелген, 26 сәуір 2008 жылғы N 21 (9261) "Жаңаарқа" газетінде ресми түрде нормативтік құқықтық акт ретінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
12. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Марат Жандәулетұлы Жандәулетовке жүктелсін.
13. Осы қаулы ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін заң күшіне енеді.
Аудан әкімі Х. Омаров
КЕЛІСІЛДІ:
"Аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
С. Қасымов
1 маусым 2009 жыл
Аудандық медициналық
бірлестігінің директоры
Ж. Қожабекова (келісімі бойынша)
1 маусым 2009 жыл
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
Ұ. Қасымов (келісімі бойынша)
1 маусым 2009 жыл
"Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ш. Ибраева
1 маусым 2009 жыл
"Аудандық қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
А. Жылқыбаев
1 маусым 2009 жыл
Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 1 маусымдағы
N 170 қаулысына
N 1 қосымша
2009 жылы аудандық әскер қатарына шақыру мақсатында құрылған комиссиясының
құрамы
Қасымов Сағадат Қуанышбекұлы - аудандық қорғаныс істер
жөніндегі бөлім бастығы,
комиссия төрағасы
Жандаулетов Марат Жандаулетұлы - аудан әкімінің орынбасары,
төраға орынбасары
мүшелері:
Абжанов Жайма Ұмбетжанұлы - аудандық ішкі істер бөлімі
бастығының орынбасары
Майшин Талғат Әбетұлы - дәрігер, дәрігерлер
комиссиясының төрағасы
Жакаева Манара Жақайқызы - аудандық ауруханасының
медбибісі, комиссия хатшысы
Әскерге шақырылу комиссиясы мүшелерінің ішінен біреуі қатыспаған жағдайда, міндетін орындайтын тұлға қол қоюға құқылы.
Аудан әкімдігінің
1 маусым 2009 жылғы N 170
қаулысына N 2 қосымша
2009 жылы әскери қызметке шақырылған азаматтарды медициналық сараптамадан өткізу мақсатында құрылған маман дәрігерлер мен медбибілердің құрамы
Майшин Талғат Әбетбайұлы - хирург, дәрігерлер
комиссиясының төрағасы
Мәдиев Жұлдыз Балтабекұлы - отоларинголог
Оралбаева Аян Даулетбайқызы - невропатолог
Бурштейн Борис Ефимович - стоматолог
Оралбаева Аян Даулетбайқызы - психиатр
Толеубаев Амангелді Әбілдаұлы - дерматолог
Сейфулғазина Еркін Көшімханқызы - окулист-медбибі
Асқарова Рыскүл Асқарқызы - медбибі
Рыспекова Қарлығаш Айтбайқызы - терапевт
Жақаева Манара Жақайқызы - медбибі, комиссия хатшысы
Аманова Арманай - медбибі (ЭКГ маманы)
Леонова Елена Николаевна - лаборант