1983-1992 жылдары туған Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі N 83 қаулысы. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 сәуірде N 8-12-74 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімінің 2011 жылғы 24 наурыздағы N 1.03-1/149 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімінің 2011.03.24 N 1.03-1/149 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 960 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 960 Жарлығын іске асыру туралы" N 313 Қаулысына орай, 1983-1992 жылдары туған Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын азаматтарды 2010 жылдың көктем және күз мезгілдерінде әскери қызметке шақыруды ұйымдастырып, өз мәнінде жүргізу мақсатында Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жаңаарқа ауданы аумағында 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларының аралығында 1983-1992 жылдары туған, әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ әскер жасындағы ер азаматтарды міндетті мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
      2. Аудандық әскер қатарына шақыру мақсатында құрылған комиссиясының құрамы бекітілсін (N 1 қосымшада көрсетілген).
      3. Аудандық медициналық бірлестігіне (Жаңыл Жамантікқызы Қожабековаға-келісімі бойынша):
      1) медициналық сараптау құрамын жасақтау, оны қажетті дәрі-дәрмектермен, құрал-жабдықтармен, медициналық және шаруашылық заттармен қамтамасыз ету, қажет жағдайда қосымша дәрігер мамандар мен медбибілерді бөлу;
      2) 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айлары аралығында кезекті әскери қызметке шақырылған азаматтарды медициналық сараптамадан өткізу жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылсын.
      3) әскери қызметке шақырылған азаматтарды медициналық сараптамадан өткізу мақсатында маман дәрігерлер мен медбибілердің құрамы бекітілсін (N 2 қосымшада көрсетілген).
      4. Кент және селолық округ әкімдеріне әскерге шақырылған азаматтарды медициналық сараптау комиссиясына уақытында және толықтай жеткізу міндеттелсін.
      5. Аудандық ішкі істер бөліміне (Ұлан Шәкірұлы Қасымовқа-келісімі бойынша):
      1) әскер қатарына шақырушылар арасында әскери қызметті өтеуден жалтарғандарды іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру;
      2) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде, жөнелту станциясында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
      3) осы мақсатта 2010 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айлары аралығында бір учаскелік инспектор бөлу ұсынылсын.
      6. Әскери қызметке шақыру комиссиясына келуден бас тартқан азаматтардың уақытында келуін қамтамасыз ету мақсатында іздестіру тобы құрылсын:
      Танкебаев               - аудандық қорғаныс істер бөлімінің
      Бекмұрат Қамалұлы         орынбасары, іздестіру тобының бастығы
      Қасымов                 - іздестіру тобының мүшесі, аудандық
      Жағыпар Фазылұлы          ішкі істер бөлімінің қылмыстық
                                іздестіру бөлімінің бастығы
      7. 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айлары аралығында көктемгі, күзгі мезгілдерінде әскери қызметке шақыруды ұйымшылдықпен өткізу үшін Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Шолпан Қалуқызы Ибраеваға техникалық қызметкерлердің жұмысын атқару үшін қоғамдық жұмыскерлермен қамтамасыз етсін.
      8. Жаңаарқа станциясының бастығына (Мақпал Қасіретқанқызы Багарамоваға-келісімі бойынша) әскерге шақырылған командаларын Жаңаарқа станциясынан Қарағанды станциясына дейін жіберу үшін поезда отыратын орындармен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      9. Аудан әкімінің орынбасары Марат Жандәулетұлы Жандәулетовке және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Сағадат Қуанышбекұлы Касимовқа әскер қатарына алынушылар күніне байланысты шығарып салу салтанаты мен жиынын өткізу ұсынылсын.
      10. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы Аманкелды Жылқыбайұлы Жылқыбаевқа 2010 жылғы көктемгі және күзгі әскерге шақыру науқанын қаржыландыру тапсырылсын.
      11. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 1 маусым 2009 жылғы "1982-1991 жылдары туған Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті әскери қызметке шақыру туралы" N 170 қаулысының (Қарағанды облысы Әділет департаменті Жаңаарқа ауданы әділет басқармасында 5 маусым 2009 жылы N 8-12-55 тіркелген, 13 маусым 2009 жылғы N 29-30 (9324) "Жаңаарқа" газетінде ресми түрде нормативтік-құқықтық акт ретінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      12. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Марат Жандәулетұлы Жандәулетовке жүктелсін.
      13. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін заң күшіне енеді.

      Аудан әкімі                                Х. Омаров

      КЕЛІСІЛДІ

      "Аудандық қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        С. Касимов
      2010 жыл 22 сәуір

      Аудандық медициналық
      бірлестігінің директоры                    Ж. Қожабекова
      (келісімі бойынша)
      2010 жыл 22 сәуір

      Аудандық ішкі істер
      бөлімінің бастығы                          Ұ. Қасымов
      (келісімі бойынша)
      2010 жыл 22 сәуір

      Жаңаарқа станциясының бастығы              М. Багарамова
      (келісімі бойынша)
      2010 жыл 22 сәуір

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 22 сәуірдегі
N 83 қаулысына
N 1 қосымша

2010 жылы аудандық әскер қатарына шақыру мақсатында
құрылған комиссиясының
құрамы

      Касимов Сағадат Қуанышбекұлы      - аудандық қорғаныс істер
                                          жөніңдегі бөлім бастығы,
                                          комиссия төрағасы
      Жандаулетов Марат Жандаулетұлы    - аудан әкімінің орынбасары,
                                          төраға орынбасары

мүшелері:

      Абжанов Жайма Ұмбетжанұлы         - аудандық ішкі істер бөлімі
                                          бастығының орынбасары
      Мәдиев Жұлдыз Балтабекұлы         - дәрігер, медициналық
                                          комиссиясының төрағасы
      Ибраева Алма Камитқызы            - аудандық ауруханасының
                                          медбибісі, комиссия хатшысы
      Әскерге шақырылу комиссиясы мүшелерінің ішінен біреуі қатыспаған жағдайда, міндетін орындайтын тұлға қол қоюға құқылы.

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 22 сәуірдегі
N 83 қаулысына
N 2 қосымша

2010 жылы әскери қызметке шақырылған азаматтарды
медициналық сараптамадан өткізу мақсатында құрылған маман
дәрігерлер мен медбибілердің
құрамы

      Мәдиев Жұлдыз Балтабекұлы         - отоларинголог, дәрігерлер
                                          комиссиясының төрағасы
      Қапашев Қанат                     - хирург дәрігері
      Оралбаева Аян Даулетбайқызы       - невропатолог дәрігері
      Бурштейн Борис Ефимович           - стоматолог дәрігері
      Оралбаева Аян Даулетбайқызы       - психиатр дәрігері
      Мусаметов Вахитжан Фархадбекович  - дерматолог дәрігері
      Сейфулғазина Еркін Көшімханқызы   - окулист-медбибі
      Асқарова Рыскүл Асқарқызы         - медбибі
      Тасжанова Қарлығаш Әбілбекқызы    - терапевт дәрігері
      Альбатыров Қамбар Ынтықбайұлы     - нарколог дәрігері
      Ибраева Алма Қамитқызы            - медбибі, комиссия хатшысы
      Жұмажанова Дәрия                  - медбибі (ЭКГ маманы)
      Леонова Елена Николаевна          - лаборант

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады