Қаракөл, М. Мамыраев, Тегісшілдік, Ынталы селолық округтері бойынша ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 қаулысы. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 ақпанда N 8-13-57 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 364 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 14.12.2015 № 364 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 2002 жылдың 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 28 сәуіріндегі "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" N 407 Қаулысына және Қарқаралы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2008 жылдың 22 қазанындағы N 286 ұсынысының негізінде Қаракөл, М. Мамыраев, Тегісшілдік, Ынталы селолық округтерінің ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қаракөл, М. Мамыраев, Тегісшілдік, Ынталы селолық округтерінде ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруына қарсы шектеу қойылсын.
      2. Қаракөл, М. Мамыраев, Тегісшілдік, Ынталы селолық округтерінде шектеу шарттары бойынша рұқсат етілмейді:
      1) шектеу қойылған аумақ арқылы аурудан таза жануарларды тасымалдауға, айдап өтуге, енгізуге, сыртқа шығаруға, тек оларды етке союға жіберген жағдайдан басқа;
      2) індет ошағы айқындалған аурудан таза емес аумақтан басқа аумаққа әкетуге, шөп, сабан және басқа мал азығын дайындауға, сондай-ақ, мал және адамдардың жиналуына байланысты шаралар жүргізуге;
      3) бруцеллезбен ауырған жануарларды және олардан алынған төлдерді бес күннен артық ұстауға.
      3. Қаракөл, М. Мамыраев, Тегісшілдік, Ынталы селолық округтерінің тұрғындарын медициналық байқаудан өткізу үшін "Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінен (М.З. Шайдаров - келісім бойынша) қолғабыс көрсету сұралсын.
      4. "Қарағанды облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Қарқаралы ауданы бойынша бөлімінен (А. Түсіпов - келісім бойынша) адамдар арасында бруцеллез ауруын дер кезінде анықтап, олардың аурудан емделуін қадағалау сұралсын.
      5. "Қарқаралы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінен (С. Дюсетаев - келісім бойынша) сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету сұралсын.
      6. Қаракөл, М. Мамыраев, Тегісшілдік, Ынталы селолық округтерінің әкімдері (Р. Инербаев, К. Жантурин, М. Тәпен, А. Садуақасов) сауықтыру іс-шараларының өткізілуін ұйымдастыру міндеттелсін.
      7. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Апақашовқа жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қаркаралы ауданы әкімінің
 
міндетін атқарушы
С. Апақашов
"Келісілді"
 
"Қарқаралы ауданының
 
ішкі істер бөлімі" ММ-нің бастығы
 
__________ С. Дюсетаев
 

      
      9 қаңтар 2009 жыл
      "Келісілді"
      "Қарағанды облысының мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасы" Қарқаралы ауданы бойынша
      бөлімінің бастығы
      __________ А. Түсіпов
      9 қаңтар 2009 жыл
      "Келісілді"
      "Қарағанды облысының денсаулық
      сақтау басқармасы" ММ-нің бастығы
      __________ М.З. Шайдаров
      9 қаңтар 2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады