"Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" Қарқаралы аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 3 наурыздағы N 41 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 мамырдағы N 146 қаулысы. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 18 маусымда N 8-13-64 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің аппаратының 2011 жылғы 16 сәуірдегі N 309 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің аппаратының 2011.04.16 N 309 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 264 Қаулысына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарқаралы аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 3 наурыздағы N 41 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-13-61 - нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 4 сәуірінде "Қарқаралы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      3 тармақта:
      "Қаржыландыру жылына сәйкес Қазақстан Республикасы Заңнамасымен белгіленген ең төменгі еңбек ақысы көлемінен аспайтын сомада" деген сөздер "Он бес мың теңге сомасы көлемінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қарқаралы ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 451-02-102 "Тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар", 451-02-103 "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" бюджеттік бағдарламалар бойынша тиісті жылдың аудан бюджетінде қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды жүзеге асырсын.".
      2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Дюсетаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 мамырынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі                                Н. Омарханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады