2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 мамырдағы N 145 қаулысы. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 18 маусымда N 8-13-63 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі N 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2010.04.27 N 136 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдесіндегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасы азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 1 сәуіріндегі N 779 Жарлығына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылдың 17 сәуіріндегі N 543 Қаулысына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қала, кент, селолық округ әкімдеріне, "Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Е. Әбдіқашев - келісім бойынша) 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға қақысы жоқ 18-27 жас аралығындағы азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру және жөнелту өткізілсін.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру үшін қосымшаға сәйкес аудандық комиссия құрылсын.
      3. "Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (М. Шайдаров - келісім бойынша) медициналық комиссияны қызметкерлермен және тиісті мүлікпен, құрал-саймандармен, жабдықпен қамтамасыз ету сұралсын.
      4. "Қарқаралы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (С. Дюсетаев - келісім бойынша) 2009 жылғы сәуір мен 30 маусым және 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында шақырылудан жалтарған азаматтарды әкелуді, сонымен қатар шақырылушыларды әскери бөлімдерге жіберу және жеткізуде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
      5. "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Б. Жұманбаев) ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын және жұмыссыз азаматтардан үш адамды 2009 жылдың сәуір мен 30 маусым және 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында "Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне келуін қамтамасыз етсін.
      6. "Қарқаралы ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Б. Ахметжанов) осы мақсаттар үшін бөлінген қаражат шегінде әскери міндетті орындауды қамтамасыз етуге байланысты іс-шараларды қаржыландыруды жүргізсін.
      7. "2008 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2008 жылдың 8 сәуіріндегі N 63 қаулысының (Қарқаралы ауданы әділет басқармасында 2008 жылдың 28 сәуірінде N 8-13-48 болып тіркелген, "Қарқаралы" газетінің 2008 жылдың 1 мамырында N 35-36 жарияланған) күші жойылсын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Дюсетаевқа жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Омарханов

      "Келісілді"

      "Қарқаралы ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Е. Әбдіқашев
      15 мамыр 2009 жыл

      "Келісілді"

      "Қарқаралы ауданының ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      С. Дюсетаев
      15 мамыр 2009 жыл

      "Келісілді"

      "Қарағанды облысының денсаулық
      сақтау басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      М. Шайдаров
      15 мамыр 2009 жыл

Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2009 жылдың 15 мамырындағы
N 145 қаулысына қосымша

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі аудандық комиссияның құрамы

1

Ержан Қайдарұлы Әбдіқашев

"Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);

2

Сайлау Әлиұлы

"Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің үйлестіру бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;


Комиссия мүшелері:


3

Саят Хасенұлы Исабай

"Қарқаралы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);

4

Мағира Рымбекқызы Абеуова

"Қарқаралы ауданының медицина бірлестігі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның дәрігер-наркологы, медицина комиссиясының төрайымы (келісім бойынша);

5

Меруерт Төкенқызы Жұмажанова

"Қарқаралы аудандық медицина бірлестігі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады