2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі N 136 қаулысы. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 24 мамырда N 8-13-83 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің аппаратының 2011 жылғы 16 сәуірдегі N 309 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарқаралы ауданы әкімінің аппаратының 2011.04.16 N 309 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдесіндегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 29 наурыздағы N 960 Жарлығына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 960 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 15 сәуіріндегі N 313 Қаулысына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қала, кент, селолық округ әкімдеріне, "Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Е. Әбдіқашев - келісім бойынша) 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға қақысы жоқ 18-27 жас аралығындағы азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру және жөнелту өткізілсін.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру үшін қосымшаға сәйкес аудандық комиссия құрылсын.
      3. "Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (Е. Әбілкәсімов - келісім бойынша) медициналық комиссияны қызметкерлермен және тиісті мүлікпен, құрал-саймандармен, жабдықпен қамтамасыз ету сұралсын.
      4. "Қарқаралы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (С. Дюсетаев - келісім бойынша) 2010 жылғы сәуір мен 30 маусым және 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында шақырылудан жалтарған азаматтарды әкелуді, сонымен қатар шақырылушыларды әскери бөлімдерге жіберу және жеткізуде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
      5. "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Б. Жұманбаев) ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын және жұмыссыз азаматтардан үш адамды 2010 жылдың сәуір мен 30 маусым және 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында "Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне келуін қамтамасыз етсін.
      6. "Қарқаралы ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Б. Ахметжанов) осы мақсаттар үшін бөлінген қаражат шегінде әскери міндетті орындауды қамтамасыз етуге байланысты іс-шараларды қаржыландыруды жүргізсін.
      7. "2009 жылдың сәуір – маусым және қазан – желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу туралы" Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2009 жылдың 19 мамырдағы N 145 қаулысының (Қарқаралы ауданы әділет басқармасында 2009 жылдың 18 маусымында N 8-13-63 болып тіркелген, "Қарқаралы" газетінің 2009 жылдың 20 маусымында N 47-48 жарияланған) күші жойылсын.
      8. Осы қаулының орындалысын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Серік Смағанбетұлы Дюсетаевқа жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданының әкімі                  Н. Омарханов

      Келісілді

      Қарқаралы ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      Е. Әбдіқашев
      26 сәуір 2010 жыл

      Келісілді

      "Қарқаралы ауданының ішкі істер
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      С. Дюсетаев
      26 сәуір 2010 жыл

      Келісілді

      "Қарағанды облысының денсаулық сақтау
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      Е. Әбілкәсімов
      26 сәуір 2010 жыл

Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2010 жылдың 27 сәуіріндегі
N 136 қаулысына
қосымша

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі аудандық комиссияның құрамы

1

Ержан Қайдарұлы Әбдіқашев

"Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);

2

Нариман Жұмақожаұлы Есов

"Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің үйлестіру бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары;


Комиссия мүшелері:


3

Амантай Мұратұлы Хасенов

"Қарқаралы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығының орынбасары (келісім бойынша);

4

Мағира Рымбекқызы Абеуова

"Қарқаралы ауданының медицина бірлестігі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның дәрігер-наркологы, медицина комиссиясының төрайымы (келісім бойынша);

5

Тохметова Рымкуль Сабитқызы

"Қарқаралы аудандық медицина бірлестігі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады