2010 жылы Нұра ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1993 жылы туған азаматтардың тіркеуін өткізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы N 2 шешімі. Қарағанды облысы Нұра ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 желтоқсанда N 8-14-109 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің 2010 жылғы 01 желтоқсандағы N 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің 2010.12.01 N 6 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" N 371 қаулысына сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:
      1. 1993 жылы туған азаматтардың тіркеуі Нұра ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында өткізілсін.
      2. Қосымшаға сәйкес аудандық тіркеу комиссиясы құрылсын.
      3. Аудандық медициналық бірлестігі (Еспаев Бөкеш Орақұлы - келісім бойынша):
      1) 1993 жылы туған азаматтардың медициналық комиссиядан өту кестесін әзірлесін;
      2) есепке алу мәліметтерін есепке алсын, емдеуге жіберілетін азаматтардың есепке алу кітабын дайындасын;
      3) шақыру учаскесіндегі медициналық комиссияны қажетті мамандармен және медициналық бикелермен, дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықпен қамтамасыз етсін;
      4) тіркеуге жататын азаматтарды лабораториялық және флюроографиялық зерттеуден өткізуді қамтамасыз етсін;
      5) стационарда зерттеуден өту және емдеу үшін қажет орын бөлуді қарастырсын.
      4. Нұра ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі (Жолболдин Қайролла Шәріпұлы - келісім бойынша):
      1) маман дәрігерлермен, медбикелермен машық сабақтарын өткізсін;
      2) Нұра ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінде тіркеуді өткізетін орын дайындасын;
      3) тіркеу қорытындылары туралы ақпаратты аудан әкімі аппаратына 2010 жылдың 1 сәуіріне дейін ұсынсын.
      5. Нұра ауданының ішкі істер бөлімі (Әпеков Канат Ислямұлы - келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған тұлғаларды іздестіруге және ұстауға өз құзыреті шегінде жүзеге асырсын.
      6. Нұра ауданының қаржы бөлімі (Мақсутов Данияр Зарлықұлы) аталмыш шараларды өткізу үшін жергілікті бюджеттен қажетті қаржы бөлсін.
      7. Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Жүпенова Гүлнар Тақуқызы) мүгедек деп танылған барлық тіркеуге жататын азаматтар туралы толық мәліметтерді аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне хабарласын.
      8. Ауыл және кент әкімдері тіркеуге жататын азаматтарға шақырылғаны туралы хабардар етсін және олардың шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін.
      9. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
      10. Осы шешім ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Шайдаров

      КЕЛІСІЛДІ

      Нұра ауданының қорғаныс істер
      жөніндегі бөлімінің бастығы                Қ.Ш. Жолболдин

      КЕЛІСІЛДІ

      Нұра ауданының ішкі істер бөлімінің
      бастығы                                    Қ.И. Әпеков

      КЕЛІСІЛДІ

      Аудандық медициналық бірлестігінің
      директоры                                  Б.О. Еспаев

Қосымша
аудан әкімінің
2009 жылғы 20 желтоқсандағы
N 2 шешіміне

Аудандық тіркеу комиссияның құрамы:

      1. Жолболдин Қайролла           - Комиссия төрағасы,
         Шәріпұлы                       Нұра ауданының қорғаныс істер
                                        жөніндегі бөлімінің бастығы
                                        (келісім бойынша)

      2. Гизатулин Фаниль             - Комиссия төрағасының
         Фанауиұлы                      орынбасары, Аудан әкімі
                                        аппаратының азаматтық
                                        қорғаныс және төтенше
                                        жағдайлар жөніндегі
                                        бас маманы

      3. Насихатова Ляззат            - Комиссия хатшысы, Аудандық
         Оскенбқызы                     медициналық бірлестігінің
                                        жұмыскері (келісім бойынша)

Комиссия мүшелері:

      3. Протасенко Константин        - Нұра ауданының ішкі істер
         Викторович                     бөлімі бастығының орынбасары
                                        (келісім бойынша)

      4. Абишева Жанар                - Аудандық медициналық
         Әшірбайқызы                    бірлестігінің терапевт -
                                        дәрігері (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады