2011 жылы шақыру учаскесінде есепке тіркеуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің 2010 жылғы 1 желтоқсандағы N 6 шешімі. Қарағанды облысы Нұра ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 желтоқсанда N 8-14-133 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі N 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің 2011.04.14 N 5 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2011 жылы он жетіге толатын еркек жынысты азаматтарды есепке тіркеу кезеңінде "Нұра ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінде шақыру учаскесі ұйымдастырылсын.
      2. Меншік түріне және бағыныштылығына байланыссыз Нұра ауданының кәсіпорындары, мекемелері, ұйымдары және оқу орындарының басшылары "Нұра ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне 1994 жылы туған, шақыру учаскесінде есепке тіркеуге жататын жасөспірімдердің тізімін белгіленген үлгіде ұсынсын.
      3. Есепке тіркеу комиссиясы қосымшаға сәйкес құрылсын.
      4. Есепке тіркеу комиссиясының жеке құрамын аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынсын.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
      6. Аудан әкімінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы "2010 жылы Нұра ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1993 жылы туған азаматтардың тіркеуін өткізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-14-109 болып тіркелген, 2009 жылғы 26 желтоқсандағы N 53 "Нұра" аудандық газетінде жарияланған) N 2 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Шайдаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Нұра ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________ Қ. Жолболдин
      01.12.2010 жыл

Қосымша
аудан әкімінің
2010 жылғы 1 желтоқсандағы
N 6 шешіміне

Аудандық тіркеу комиссияның құрамы:

1. Жолболдин Қайролла              - Комиссия төрағасы,
   Шәріпұлы                          Нұра ауданының қорғаныс
                                     істер жөніндегі бөлімінің
                                     бастығы (келісім бойынша)

2. Гизатулин Фаниль                - Комиссия төрағасының орынбасары,
   Фанауиұлы                         аудан әкімі аппаратының
                                     азаматтық қорғаныс және төтенше
                                     жағдайлар жөніндегі бас маманы

3. Девайкина Елена                 - Комиссия хатшысы
   Владимировна

Комиссия мүшелері:

4. Ғабдуллаев Талгат               - Нұра ауданының ішкі
   Ғабдуллаұлы                       істер бөлімі бастығының
                                     орынбасары (келісім бойынша)

5. Балтабаева Зинат                - Аудандық медициналық
   Байбекқызы                        бірлестігінің
                                     терапевт - дәрігері
                                     (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады