Зияткерлік меншік құқығын қорғау жөніндегі кейбір шаралар туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 23 ақпандағы N 03/01 қаулысы. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 наурызда N 8-16-40 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 7 қыркүйектегі N 15/06 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімдігінің 2009.09.07 N 15/06 қаулысымен.

      Тауарлық белгілердің қолдан жасалғандығын және зияткерлік меншік құқығын бұзған тұлғаларды анықтау жөніндегі шаралардың орындалуын, сонымен қатар оларды заңнамаларда белгіленгендей жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының  31 бабына және Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-1 "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы N 637 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі N 367 және 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 371 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қаулысын орындау үшін Ұлытау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлытау ауданы аумағында аудиокөрнекі шығармаларды, электрондық есептеу машиналарына арналған бағдарламаларды мен тасығыштардағы дерекқорлардың даналарын сату, тек сауда үйлері мен дүкендерде ғана жүзеге асырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Әбдікеровке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Аудан әкімі                                Ж. Дәрібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады