Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданы әкімдігінің 2010.03.26 N 05/05 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы, 13 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы, 5-4 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 264 қаулысына сәйкес Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Бақыт Бекенов) нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды жүзеге асырсын.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын әлеуметтік нысаналы топтар үшін ұйымдастыра отырып, қатысушы әр адамға жергілікті бюджеттен 15 мың теңгеден орташа айлық мөлшерде аударымдар бекітілсін.
4. Ауданның қаржы бөлімі (Ертай Жәнібеков) 2009 жылға жергілікті бюджеттен қаралған шығындардан әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген нысаналы топтардағы жұмыссыздардың еңбек ақысын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Юржан Асанұлы Бекқожинге жүктелсін.
6. Осы қаулы ресми жарияланған уақыттан бастап қолданысқа енеді және 2009 жылдың 1 мамырынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады, 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданыста болады.
Шет ауданының әкімі Қ. Тілеубергенов
Шет ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 29 мамырдағы
N 11/9 қаулысымен бекітілген
қосымша
Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы
1. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін уәкілетті органға - "Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай - Уәкілетті орган) сұраныс береді.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу кезінде, Уәкілетті орган келесідей талаптарды ескереді: кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің болуын, уақытылы еңбекақының төленуін, техникалық қауіпсіздік нормаларға жұмыс орындарының сәйкестілігін, кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормалары сақталуы тиіс.
3. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға Уәкілетті органмен келісім-шарт жасайды. Келісім-шартта тараптардың міндеттері, түрлері, жұмыс көлемі, еңбек ақының төлеу шарттары және мөлшері, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және мерзімі, жіберілетін жұмыссыздардың саны көрсетіледі. Жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыруда тұрақты жұмыс орындары және бос жұмыс орындары пайдаланылмайды.
4. Уәкілетті орган нысаналы топтардағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін жолдама береді.
5. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жұмыссыздарды қабылдайды, олармен келісім-шарт жасайды, техникалық қауіпсіздік нормаларына сәйкес жұмыс орындарын береді. Жұмыссыздардың әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыспен қамту мерзімі алты айға дейін рұқсат етіледі.
6. Жұмыс берушілер еңбек ақы төлемдері бойынша шығындарды өтеу үшін ағымдағы айдың 20 дейін ай сайын Уәкілетті органға белгіленген тәртіпте: жұмысқа қабылдағаны жөнінде бұйрықтың көшірмесін, жұмыс уақытының есеп жүргізу табелін, жұмыскерлердің әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданғаны жөнінде есебін және жұмыстың орындалғаны жөніндегі актісін тапсырады.
7. Осы нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасының орындалуына бақылау жасау Уәкілетті органға жүктеледі.