2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке Қазақстан Республикасының азаматтарын шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 12 мамырдағы N 12/1 қаулысы. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 мамырда N 8-4-144 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 тамызда N 27/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2011.08.11 N 27/2 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңыны сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 623 "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу Ережесін бекіту туралы" Қаулысын орындау мақсатында Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығының 3 тармағын орындау мақсатында кейінге қалдыруға құқығы жоқ 1982-1991 жылдары туған азаматтарды, бірінші кезекте кейінге қалдыру құқығын жоғалтқан, жасы үлкен әскерге шақырушылардың шақыруы өткізілсін. Азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына қатаң сәйкестікте берілсін.
      2. Білім беру ұйымдары мен басқа да ұйымдардың жетекшілеріне әскерге шақырушылар медициналық комиссияға шақыру қағазын алған кезде, оларды медициналық куәландыру және шақыру комиссиясынан өту үшін жұмыстан және оқудан босату ұсынылсын.
      3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу үшін мына құрамда қалалық шақыру комиссиясы құрылсын:
      Болат Әбдікешұлы          - комиссия төрағасы, Балқаш қаласы
      Бекмағамбетов               біріктірілген қорғаныс істері
                                  жөніндегі бөлімінің бастығы
                                  (келісім бойынша);
      Манарбек Айдарханұлы      - комиссия төрағасының орынбасары,
      Жұмаханов                   қала әкімінің орынбасары.

      Комиссия мүшелері:

      Талғат Асқарбекұлы        – Қарағанды облысы ішкі істер
      Төлеуов                     Департаменті 4 бөлімі бастығының
                                  орынбасары;
      Қайрат Көбентайұлы        – медициналық комиссиясының төрағасы,
      Бижанов                     Қарағанды облысы денсаулық сақтау
                                  басқармасының "N 1 Балқаш қалалық
                                  емханасы" Коммуналдық мемлекеттік
                                  қазыналық кәсіпорынның (әрі қарай
                                  "Балқаш қаласының N 1 емханасы"
                                  КМҚК) директорының емдеу жұмысы
                                  жөніндегі орынбасары;
      Гүлнар Мәлибекқызы        – комиссия хатшысы, "Балқаш
      Шайхисламова                қаласының N 1 емханасы" КМҚК
                                  медициналық бикесі.
      4. Қарағанды облысының денсаулық сақтау Басқармасының Балқаш аймақтық өкілдігіне (Жанов М.О. келісім бойынша) шақырушыларды сапалы куәландыру мақсатында:
      1) медициналық комиссия құрамына жоғары білікті дәрігер мамандар мен орта медициналық қызметкерлер (қосымшаға сәйкес) бөлінсін;
      2) шақыру мерзіміне рентгенкабинеттер мен флюрографиялық қондырғылардың үздіксіз жұмысын ұйымдастырсын;
      3) медициналық комиссия бағыттаған әскерге шақырушыларды стационар жағдайында емдеу, сауықтыруды қамтамасыз етсін.
      5. Қарағанды облысы ішкі істер Департаментінің 4 бөлімі (Сейткұлов С.С. келісім бойынша):
      1) әскерге шақырылушы жастар арасында профилактикалық жұмыс жүргізу белсенділігін арттырсын;
      2) әскери шақырудың барлық кезеңінде Балқаш қаласы біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақыру пунктінде, автокөліктерге отырғызу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтауға пәрменді көмек көрсетсін;
      3) әскери міндетті орындаудан бас тартқан тұлғаларды іздеуді, жеткізуді, қажетті жағдайда ұстауды ұйымдастырсын.
      6. Приозерск қаласының қаржы бөлімі (Қошқаралиев Қ.Қ.) аталған іс шараларды орындауға байланысты шығындарға қажетті қаражат бөлсін.
      7. Қала әкімінің орынбасары М.А. Жұмаханов жасалған келісім-шартқа және білім беру бөлімінің бас маманының тапсырысына сәйкес әскерге шақырушыларды Приозерск қаласынан Қарағанды облысы Балқаш қаласы біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің медициналық комиссиясына алып бару және кері алып қайту үшін автокөлік жеткізушісін анықтасын.
      8. Приозерск қаласының білім беру бөлімінің бас маманы Н.С. Лопухина қала әкімін 2009 жылдың 10 шілдесіне көктемгі әскерге шақыру, 2010 жылдың 10 қаңтарына күзгі әскерге шақыру нәтижесі жөнінде хабардар етсін.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.А. Жұмахановқа жүктелсін.
      10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Приозерск қаласының әкімі                  Н. Бікіров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Балқаш қаласы біріктірілген қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімінің бастығы
      подполковник
      Б.Ә. Бекмағамбетов
      2009 ж. 18 мамыр

      Қарағанды облысының денсаулық
      сақтау Басқармасының Балқаш
      аймақтық өкілеттілігінің бастығы
      М.О. Жанов
      2009 ж. 15 мамыр

      Қарағанды облысы ішкі істер
      Департаменті 4 бөлімінің бастығы
      полиция полковнигі
      С.С. Сейтқұлов
      2009 ж. 18 мамыр

Приозерск қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 12 мамырдағы
N 12/1 қаулысына қосымша

2009 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке 1982-1991 жылдары туған азаматтарды шақыруды өткізу үшін медициналық комиссияның
ҚҰРАМЫ

N р/н

Дәрігер-мамандар

Құрамы

1

Медициналық комиссияның төрайымы

Қайрат Көбентайұлы Бижанов

2

Комиссия хатшысы

Гүлнар Малибекқызы Шайхисламова

3

Хирург

Георгий Леонидович Водинский

4

Терапевт

Валентина Сергеевна Ушакова

5

Офтальмолог

Надежда Жұмахметқызы Елубаева

6

Отоларинголог

Маралбай Нұрлыбайұлы Омарбаев

7

Невропатолог

Тимур Құдайбергенұлы Темірбаев

8

Психиатр

Әлима Төреахметқызы Ешниязова

9

Стоматолог

Ануарбек Шыныбекұлы Тәбиев

10

Дерматолог

Кәмшат Жақсылыққызы Дәкенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады