Ленин көшесін Достық көшесі деп қайта атау туралы

Жаңа

Бірлескен Қарағанды облысы Приозерск қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 25 тамыздағы N 18/11 қаулысы және Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 129/21 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 қазанда N 8-4-155 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, қалалық ономастикалық комиссиясының шешімінің негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ленин көшесі Достық көшесі деп қайта аталсын.
      2. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалысын бақылау әкім орынбасары Б.Ә. Казиеваға және қалалық мәслихаттың бюджет және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Н. Бікіров

      Сессия төрағасы                            Ө. Көбенов

      Мәслихат хатшысы                           Е. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады