Қызылорда облысының ауылдық жерлеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 143 шешімі. Қызылорда облыстық Әділет департаментінде 2009 жылы 13 сәуірде N 4223 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы N 216 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2010.03.31 N 216 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-тармағына және "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 8-бабының 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Қызылорда облысының ауылдық жерлеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидасы бекітілсін.
      2. "Қызылорда облысының ауылдық жерлеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 138 шешімі жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық
      мәслихатының ХV
      сессиясының төрағасы                     І. Баймұханов

      Қызылорда облыстық
      мәслихатының хатшысы                     Н. Құдайбергенов

Қызылорда облыстық мәслихатының
      2009 жылғы 27 наурыздағы
      N 143 шешімімен бекітілген

Қызылорда облысының ауылдық жерлеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау
көрсетудің қағидасы

      1. Қызылорда облысының ауылдық жерлеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидасы (одан әрі - қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының, "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының, "Ауылдық жерлерге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау" 253.023 бюджеттік бағдарламасы негізінде жасалынған.

       1. Негізгі ұғымдар

      2. Осы қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі уәкілетті орган (одан әрі - уәкілетті орган) - "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
      2) жұмыс беруші – медицина немесе фармацевтика қызметкерімен еңбек келісім-шартын жасаған облыстық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымы;
      3) қаржы ұйымы – банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы бар және олармен банкі салымы мен займының элементтері бар келісім-шарттар жасалынатын банк немесе ұйым;
      4) медицина, фармацевтика қызметкері (одан әрі - қызметкер) – жоғары немесе орта білімнен кейінгі медициналық білім алған, тиісті маман сертификаты бар жеке тұлға;
      5) уәкілетті органның комиссиясы (одан әрі - комиссия) – "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінде құрылатын әлеуметтік қолдау алуға кандидаттарды іріктеуге және ауылдық жерге жұмысқа жіберілген қызметкердің өзінің міндеттемесін орындау мониторингін жүргізуге арналған комиссия.

       2. Жалпы ережелер

      3. Ауылдық жерге уәкілетті орган жұмысқа жіберген және жұмыс берушімен жеке еңбек шартын жасаған күннен бастап алғашқы үш жыл ішінде еңбек міндеттерін орындап жүрген қызметкер әлеуметтік көмек алу құқығына ие болады.
      4. Әлеуметтік қолдау көрсету облыстық бюджет қаржысы есебінен іске асырылады және ол тұрғын үй сатып алуға, салуға займ алу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй займын алу үшін алғашқы жарна болып табылады.
      5. Уәкілетті орган денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету мақсатында:
      1) ауылдық жерлер үшін жекелеген мамандықтар бойынша медицина кадрларына сұранысқа жыл сайын талдау жасайды;
      2) ауылдық жерлер үшін қажетті қызметкерлердің тізімін жасайды және бекітеді;
      3) әлеуметтік қолдау алуға кандидаттарды іріктеу үшін және ауылдық жерге жұмысқа жіберілген қызметкердің өзінің міндеттемесін орындау мониторингін жүргізу үшін құрамына жұмыс берушінің өкілі енгізілген комиссия құрады;
      4) ауылдық жерде бір жұмыс орнына екі немесе одан да көп кандидат үміттенген жағдайда конкурс ұйымдастырады;
      5) әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

       3. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен көлемі

      6. Әлеуметтік қолдау көрсету қажетті келісімнің белгіленген шарттарына сәйкес қаржы ұйымында ашылған қызметкердің салымдарына (депозиттеріне) үш жыл ішінде кезең-кезеңімен немесе біржола ақша аудару жолымен жүргізіледі.
      7. Ауылдық жерлерге жұмысқа жіберілген қызметкерге әлеуметтік қолдау көрсетудің жалпы көлемі 1 (бір) миллион теңгені құрайды.
      8. Еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, уәкілетті орган қаржы ұйымын жазбаша хабарлай отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметкердің есеп шотына бұрын аударылған бюджет қаржысын облыстық бюджетке қайтару шараларын қолданады.
      9. Қызметкердің тарапынан міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган, қызметкер және қаржы ұйымы арасында жасалған шартта аударылған бюджет қаржысын облыстық бюджетке қайтару тетігі қарастырылады.
      10. Еңбек шарты тоқтатылғанда, қызметкердің еңбек ақысы сақталмайтын демалыста болғанда, бала тууына байланысты демалыста болғанда, жаңа туылған бала асырап алғанда, екі айдан аса еңбекке жарамсыз болғанда, қызметкер жұмыстан шығарылғанда және т.б. жағдайларда жұмыс беруші уәкілетті органға 10 күн ішінде хабарлайды.
      11. Қызметкердің әлеуметтік қолдауды алуы еңбек шартында белгіленген үш жыл өткеннен кейін іске асырылады.
      12. Әлеуметтік қолдау уәкілетті орган, қызметкер мен қаржы ұйымы арасындағы келісім-шарттың талаптарына сәйкес уәкілетті органның жазбаша түрдегі нұсқауынан кейін қаржы ұйымдары арқылы беріледі.
      13. Осы қағиданың орындалуын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады