"Қызылорда облысының құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 146 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 26 маусымдағы N 162 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2009 жылы 28 шілдеде N 4233 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 06 желтоқсандағы N 63 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2012.12.06 N 63 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-2)тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. "Қызылорда облысының құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 146 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4225 нөмерімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" газетінің 2009 жылғы 25 сәуірдегі N 78-79 сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешімнің атауындағы және 1-тармағындағы "Қызылорда облысының құрметті азаматы" деген сөздер "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      аталған шешіммен бекітілген "Қызылорда облысының құрметті азаматы" атағын беру ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының
      XVIII сессиясының төрағасы                    Е. Дүйсенов

      Қызылорда облыстық
      мәслихатының хатшысы                          Н. Құдайбергенов

Қызылорда облыстық мәслихатының
      2009 жылғы 26 маусымдағы
N 162 шешіміне қосымша

Қызылорда облыстық мәслихатының
      2009 жылғы 27 наурыздағы
N 146 шешімімен бекітілген

"Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру
ЕРЕЖЕСІ

      1. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру - қоғамдық өмірдің салаларын дамытуға ерекше еңбек сіңірген мемлекет және қоғам, ғылым, мәдениет және әдебиет, өнер қайраткерлерін еліміздің, облыстың (қаланың, ауданның) игілігі жолындағы көп жылғы қызметін мадақтаудың бір түрі болып табылады.
      2. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы (бұдан әрі - атақ) Қазақстан Республикасының, облыстың (қаланың, ауданның) экономикалық-әлеуметтік, мәдени-рухани, өнер, ғылым салаларының дамуына, қайырымдылық жасау қызметінде үлгі көрсетіп, азаматтар мен жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге, бейбітшілік пен достықты, ұлтаралық келісім мен татулықты нығайтуға қосқан қомақты үлесі мен ерекше жетістіктер үшін облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы бойынша облыстық (қалалық, аудандық) мәслихат шешімімен беріледі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облыстық мәслихатының 2009.12.25 N 196 шешімімен.
      3. Атақ облыс (қала, аудан) аумағында тұрмайтын азаматтарға да берілуі мүмкін.
      3-1. "Облыстың құрметті азаматы" атану тиісінше аудандардың және Қызылорда қаласының құрметті азаматы болумен барабар. Сондықтан, "Облыстың құрметті азаматы" атағын алған адам аудандардың, Қызылорда қаласының құрметті атағына ұсынылған кезде осы жағдайлар ескеріледі.
      Ескерту. Шешім 3-1-тармақпен толықтырылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2009.12.25 N 196 шешімімен. 
      4. Құрметті атаққа ие болған адамға куәлік, төсбелгі беріледі және оның есімі облыстық (қалалық, аудандық) тарихи-өлкетану мұражайында сақталатын "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматтары" кітабында енгізіледі.
      5. Куәлікті, төсбелгіні, "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматтары" кітабын жобалау және жасап шығару облыс (қала, аудан) әкімінің жанындағы марапаттау комиссиясына жүктеледі.
      6. Атаққа кандидатураларды меншік нысанына қарамастан тиісті орган, мекеме, кәсіпорын, ұйым, бірлестік, серіктестіктер ұсына алады. Келген ұсынымдар облыс әкімінің жанындағы марапаттау комиссиясының қарауына жолданады.
      7. Облыс (қала, аудан) әкімінің жанындағы марапаттау комиссиясының қарауына атаққа ұсынылған кандитураға мінездеме беріледі. Онда өндірістік, шығармашылық, қайырымдылық жұмыстардағы нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі мен сапасы туралы мәліметтер, наградалары көрсетіледі.
      8. Атаққа ұсынылған кандидатураларға ұсыныс пен мінездеме, 3х4 және 6х9 көлемдегі екі сурет алдын ала қарау үшін облыс (қала, аудан) әкімінің жанындағы комиссияға тапсырылады.
      9. Облыс (қала,аудан) әкімінің жанындағы марапаттау комиссиясының қорытындысын ескере отырып, облыс (қала, аудан) әкімі кандидатураны облыстық (қалалық, аудандық) мәслихатқа ұсынады.
      10. Куәлікті және төсбелгіні облыс (қала, аудан) әкімі, облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың хатшысы салтанатты жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен тапсырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады