Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 146 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 196 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2010 жылы 27 қаңтарда N 4241 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 06 желтоқсандағы N 63 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2012.12.06 N 63 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-2)тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 146 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4225 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" газетінің 2009 жылғы 25 сәуірдегі N 78-79 сандарында жарияланған, "Қызылорда облысының құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 146 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 26 маусымдағы N 162 шешімімен енгізілген өзгерістерімен, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4233 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы газетінің N 149-150 сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесінде:
      2-тармақтағы:
      "Қызылорда" деген сөз алынып тасталсын;
      "мәслихатының" деген сөз "мәслихат" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында жылына бір рет" деген сөз алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. "Облыстың құрметті азаматы" атану тиісінше аудандардың және Қызылорда қаласының құрметті азаматы болумен барабар. Сондықтан, "Облыстың құрметті азаматы" атағын алған адам аудандардың, Қызылорда қаласының құрметті атағына ұсынылған кезде осы жағдайлар ескеріледі.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының
      XХIII сессиясының төрағасы                     С. Имандосов

      Қызылорда облыстық
      мәслихатының хатшысы                           Н. Құдайбергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады