Су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2009 жылғы 09 шілдедегі N 455 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 06 тамызда N 4234 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі N 101 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 30.04.2013  N 101 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 42 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Белгіленсін:
      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Шиелі, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегіндегі Сырдария өзені мен су нысандары бойында жобалық құжаттама негізінде су қорғау аймақтары мен белдеулері;
      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Шиелі, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегіндегі Сырдария өзені мен су нысандары бойында су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың тәртібі және ерекше шарттары.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Қызылорда облысының әкімі                     Б. Қуандықов

       "КЕЛІСІЛДІ"
"Су қорын қорғау және пайдалануын реттеу
жөніндегі Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы

____________ Ә. Карлыханов

2009 жылғы 01 шілде

Қызылорда облысы әкімдігінің
2009 жылғы 09 шілдедегі
N 455 қаулысына 1-қосымша

Шиелі, Сырдария аудандарының және Кызылорда қаласының
әкімшілік шекарасы шегіндегі Сырдария өзені мен су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулері

N
р/с

Су нысандарының атауы

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Ұзындығы (шақырым)

Көлемі (га)

Ені(м)

Ұзындығы (шақырым)

Көлемі (га)

Ені(м)

Шиелі ауданы

1.

Сырдария өзені

158,8

36362,3

850-1100

216,0

3336,9

90-115

2.

магистралды каналдар

464,8

928,0

20

464,8

928,0

20


оның ішінде Жаңа-Шиелі

360,8

720,0

20

360,8

720,0

20


Жаңасұлутөбе

64

128,0

20

64

128,0

20


Көксу

40

80,0

20

40

80,0

20

Сырдария ауданы

1.

Сырдария өзені

325,44

15856,1

850-1100

453,86

2309,9

90-115

2.

магистралды каналдар

98,42

194,82

20

98,42

194,82

20


оның ішінде СЖМК

42,42

82,84

20

42,42

82,84

20


Әйтек

56,0

112,0

20

56,0

112

20

Қызылорда қаласы

1.

Сырдария өзені


 
 
 

152,2




18422,0

-




304,4




1476,0

-


оның ішінде: қала аумағына жақын жатқан (қала аумағында және (немесе) су объектісінің шекарасында басынан аяғына дейін)



30



20


қала аумағына жақын жатпаған

1000-5000

30

2.

магистралды каналдар

101,42

742,5

37-70

101,42

406,2

20


оның ішінде СЖМК

32,32

391,1

37-70

32,32

181,1

20


ОЖМК

15,4

109,8

37-70

15,4

49,8

20


Жаңаарык

18,9

116,9

37-70

18,9

86,9

20


ОЖМК СТ

21,0

75,5

37-70

21,0

52,8

20


Ардақ

6,0

21,4

37-70

6,0

15,4

20


Р-1

7,8

27,8

37-70

7,8

20,2

20

      Ескерту: су қорғау аймағы мен белдеуінің шекарасы мен ені "Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзені мен су нысандарының бойында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" және "Шиелі және Сырдария аудандарында Сырдария өзені мен су нысандарының бойында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" жобаларының картографиялық құжатында көрсетілген.

      Аббревиатуралар түсінігі:
      га – гектар;
      м – метр;
      СЖМК – сол жаға магистралды каналы;
      ОЖМК – оң жаға магистралды каналы;
      ОЖМК СТ – оң жаға магистралды каналының сол тармағы.

Қызылорда облысы әкімдігінің
2009 жылғы 09 шілдедегі
N 455 қаулысына 2-қосымша

Шиелі, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегіндегі Сырдария өзені мен су нысандары бойында су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдалану тәртібі және ерекше шарттары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 2010.07.14 N 840 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Су қорғау белдеулерінің шегінде:
      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін
нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;
      3) бау-бақша   егуге   және   саяжай   салуға   жер   учаскелерін   беруге;
      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
      7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
      Су қорғау аймақтарының шегінде:
      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған
объектілерді пайдалануға беруге;
      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да
объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны,аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су
жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал
көмінділерін, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.
      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

Ерекше шарттары

      Құрылыс салу, қайта жаңғырту және кәсіпорындар мен құрылыстарды пайдалануды жобалаудың және орналастырудың шарттары және де су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жұмыстарды жүргізу Қазақстан Республикасының су заңнамалары талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Жер учаскелерінің егелері мен жерді пайдаланушылар, су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленген жерлерде осы аймақтар мен белдеулерде белгіленген пайдалану тәртібін сақтауға міндетті.
      Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайлардан басқа су қорғау аймақтарын белгілеу жер егелері мен жер пайдаланушыларға бұрын берілген жер учаскелерін қайтарып алуға әкеліп соқтырмайды немесе жер учаскелерімен келісімдер жүргізуге тыйым салынбайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады