Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 30.04.2013 N 101 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2009 жылғы 9 шілдедегі N 455 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4234 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 15 тамыздағы N 159-160 "Сыр бойы", 2009 жылғы 12 тамыздағы N 121 "Кызылординские вести" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысы әкімінің
міндетін атқарушы М. Алдоңғаров
Қызылорда облысы әкімдігінің
2010 жылғы 14 шілдедегі N 840
қаулысына қосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің
2009 жылғы 9 шілдедегі N 455
қаулысына 2-қосымша
Шиелі, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегіндегі Сырдария өзені мен су нысандары бойында су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдалану тәртібі және ерекше шарттары
Су қорғау белдеулерінің шегінде:
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін
нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
Су қорғау аймақтарының шегінде:
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған
объектілерді пайдалануға беруге;
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да
объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны,аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су
жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал
көмінділерін, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.
Ерекше шарттары
Құрылыс салу, қайта жаңғырту және кәсіпорындар мен құрылыстарды пайдалануды жобалаудың және орналастырудың шарттары және де су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жұмыстарды жүргізу Қазақстан Республикасының су заңнамалары талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Жер учаскелерінің егелері мен жерді пайдаланушылар, су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленген жерлерде осы аймақтар мен белдеулерде белгіленген пайдалану тәртібін сақтауға міндетті.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайлардан басқа су қорғау аймақтарын белгілеу жер егелері мен жер пайдаланушыларға бұрын берілген жер учаскелерін қайтарып алуға әкеліп соқтырмайды немесе жер учаскелерімен келісімдер жүргізуге тыйым салынбайды.