Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2010.03.04 N 2592 Қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және қала прокурорының 2009 жылғы 6 қарашадағы N 7-595-09 наразылығына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әлеуметтік жұмыс орындарымен жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 20 мамырдағы N 1370 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-1-113 нөмірімен тіркелген, "Ақмешіт ақшамы" газетіне 2009 жылғы 5 маусымда N 43-44 жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру және кәсіби мамандыққа диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру қағидаларындағы:
"жеке еңбек келісім шарты", "келісім шарт" деген сөздер "еңбек шарты" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚАЛА ӘКІМІ М. ЕРГЕШБАЕВ