Әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 04 наурыздағы N 2592 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2010 жылы 08 сәуірде N 10-1-132 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 04 сәуірдегі N 903 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2011.04.04 N 903 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру қағидасы және кәсіби мамандыққа диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді (жастар тәжірибесі) ұйымдастыру мен қаржыландыру, нысаналы топтарға жататын азаматтар тізілімі осы қаулының 12 және 3-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
      2. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (К. Ембергенова):
      1) халықты жұмыспен қамтуға ықпал етудің тиімді саясатын қамтамасыз етсін, халықтың нысаналы топтарын қолдау үшін қосымша шаралар қарастырсын;
      2) осы қаулының орындалу барысы туралы ақпаратты тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-на "Қызылорда қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жолдасын.
      3. Қызылорда қаласы әкімдігінің төмендегі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) Қызылорда қаласы әкімдігінің "Әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" 2009 жылғы 20 мамырдағы N 1370 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізімде 10-1-113 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 5 маусымында N 43-44 "Ақмешіт ақшамы" газетінде жарияланған);
      2) Қызылорда қаласы әкімдігінің "Әлеуметтік жұмыс орындарымен жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" 2009 жылғы 20 мамырдағы N 1370 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 20 қарашадағы N 2156 қаулысы (Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 10-1-123 нөмірімен тіркелген, "Ақмешіт ақшамы" газетінде 2010 жылғы 15 қаңтардағы N 03 жарияланған).
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А. Мұхимовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      ҚАЛА ӘКІМІ                            М.ЕРГЕШБАЕВ

Қызылорда қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 04 наурыздағы N 2592
қаулысымен бекітілген
1 қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру
қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Бұл қағида халықтың мақсатты топтарынан жұмыссыздарды жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртібін анықтайды, ұйымдармен (меншік түріне қарамастан) есеп айырысу жүйесі мен басты шарттарды реттейді.
      2. Бұл ережеде пайдаланған негізгі түсініктер:
      әлеуметтік жұмыс орындары – халықтың мақсатты топтарынан, жұмыс орындарынан қысқартылған азаматтар, жоғарғы, арнайы-орта орта-кәсіби оқу орындарын бітірушілер, жұмыс берушінің жойылуына, жұмысшылар санының немесе жұмысшы кестесінің қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған азаматтарды жұмыспен қамту үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен қабылданған жұмысшылардың еңбек ақысын төлеуге жұмыс берушінің шығындарының бір бөлігін мемлекеттік бюджет есебінен өтеп берілетін жұмыс орындары.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тұрған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнеткерлікпен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заң актілері таратылады.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың мерзімі 6 айға дейін деп белгіленеді.

2. Әлеуметтік жұмыс орындарына ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі

      5. Уәкілетті жұмыспен қамту органы халықтың мақсатты топтарынан, жұмыс орындарынан қысқартылған азаматтар мен жартылай жұмыспен қамтылғандардың, әлеуметтік жұмыс орындарына орналыстырылған жұмыссыздардың еңбегіне төлем ақысын өз қаржысынан кеткен шығындарының бөлігін өтеуге төлеу қызметін көрсету жөніндегі жұмыс берушімен (меншік түріне қарамастан) келісім шарт жасайды.
      6. Жұмыссыздарды ұйымдардың әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жасалған келісім шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс берушілердің дамуы, өндірісінің кеңесінің жөніндегі мәліметтерге сүйеніп, талдау жасайды.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен шарттары

      8. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздарға жұмыс берушілердің еңбек шартының талаптарына сәйкес атқарылған жұмыстарына еңбек ақы төлеу ай сайын жүзеге асырылады.
      9. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылғандардың еңбек ақысына қаралған бюджеттің қаржысы жұмыспен қамту уәкілетті органы мен жұмыс беруші мекеме арасындағы келісім шартқа, бұйрық және жұмыс уақытының есеп кестесіне сәйкес жұмыссыздардың есеп шотына аударылады.
      10. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбек ақысы мемлекеттік бюджет есебінен әлеуметтік жұмыс орындарына белгіленген қаржыдан 20 000 (жиырма мың) теңге көлемінде және жұмыс берушінің өз қаржысы есебінен 20 000 (жиырма мың) теңге көлемінде төленеді. Жалпы еңбек ақы көлемі 40 000 (қырық мың) теңге.

4. Әлеуметтік қызмет орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібіне бақылау жасау

      11. Әлеуметтік жұмыстарды іске асыратын ұйым жасаған еңбек шарттары негізінде жұмыссыздарды әлеуметтік жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар шығарады. Жұмыс беруші жұмыссыздарды еңбек құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етеді, тапсырма-нарядты анықтайды, орындалған жұмыстың көлемін есепке алады және тіркейді, жұмыс беруші ай сайын қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қажетті құжаттамаларды, атқарылған жұмыстардың саны мен көлемдері жәйлі мәлімет тапсырады.
      12. Жұмыссыз азаматтар тұрақты жұмысқа орналасқан жағдайда еңбек заңдылықтарына сәйкес әлеуметтік жұмыстарды орындауға жасалған шарттың бұзылуы тиіс.
      13. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың сақталуына бақылау жасау заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша заң органдарымен жүзеге асырылады.

Қызылорда қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 04 наурыздағы N 2592
      қаулысымен бекітілген   
      2 қосымша          

Кәсіби мамандыққа диплом алған жұмыссыз жастарды
тәжірибеден өткізуді (жастар тәжірибесі) ұйымдастыру қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Кәсіби мамандыққа диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру (әрі қарай-жастар тәжірибесі) азаматтарды әлеуметтік қолдаудың басты бір бағыты және олардың жұмысқа орналасуына қосымша ықпал жасау болып табылады.
      2. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арнайы орта, жоғарғы оқу орындарын бітіріп, кәсіби мамандық алған жұмыссыз жастарды өз мамандықтары бойынша тәжірибе жинақтауға, еңбек нарығындағы бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында жастар тәжірибесінен өткізеді.
      3. Жастар тәжірибесі меншік түріне қарамастан мекемелерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда ұйымдастырылады (әрі қарай-жұмыс беруші).
      4. Жастар тәжірибесін өткізуді іс-жүзіне асыру Республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
      5. Жастар тәжірибесін ұйымдастыруды бақылау "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.

2. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру

      6. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жастардың жұмысқа орналасуын талдау негізінде кәсіби оқу орындарын бітірген жұмыссыз азаматтардың санын анықтайды.
      7. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс беруші жөнінде олардың дамуы, өндірісінің кеңеюі жөніндегі мәліметтерді жинақтап жастар тәжірибесіне қатысушыларды жұмысқа қабылдау мүмкіндігін анықтайды.
      8. Жұмыс берушілер жөніндегі мәліметті талдау қорытындысын негізге ала отырып, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жастар тәжірибесіне қатыстыруға кәсіби оқу орындарын бітірген жұмыссыз азаматтарды жасақтайды.
      9. Үміткерлерді іріктеу кезінде төмендегі ерекшеліктер ескеріледі:
      1) үміткерлердің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұруы;
      2) іріктеу кезеңінде оған лайықты жұмыстың болмауы;
      3) үміткерлердің еңбек өтілімінің болмауы;
      4) жасы 29-ға дейінгі азаматтар.
      10. Жастар тәжірибесіне қатысушы жұмыссыздар осы тәжірибе басталған уақыттан бастап 1 рет қатыса алады және жұмыссыз есебіне тіркелген уақытына қарай жіберіледі.
      11. Уақытша жұмыс орнын ұсынғысы келетін жұмыс беруші оқу орнын бітірген түлектермен жастар тәжірибесін өту үшін қалалық жұмыспен қамту орталығымен келісім шартты жасайды. Келісім-шартта қабылданатын жұмыссыздар саны, мамандықтар тізімі, қажет болған жағдайда қосымша кәсіби дайындығы, жастар тәжірибесіне қатысушылардың кәсіби білімдерін, біліктілігін, дағдылануын өзінің мамандығына сәйкес үйретілетіндігі көрсетіледі. Келісім-шарт алты айға дейін жасалынады. Келісім-шартқа отырудың ең төменгі мерзімі 3 ай.
      12. Осы келісім-шарт негізінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыссыздың келісімімен, жұмыс берушіге жолдама береді.Жұмыс беруші берілген жолдаманы толтырып қайтадан жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қайтарады.
      13. Жұмысқа қабылданған күннен бастап үш күн ішінде жастар тәжірибесіне қатысушы бұйрықтың көшірмесін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырады.

3. Жастар тәжірибесін қаржыландыру

      14. Жастар тәжірибесін іске асырылуы мемлекеттік бюджеттен "Жастар тәжірибесін ұйымдастыру" бағдарламасы арқылы төленеді.
      15. "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жалпы еңбек ақы көлемі 20 000 (жиырма мың) теңге көлемінде жалақы төленеді.
      16.Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбек ақысы олардың жеке есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырылады.

Қызылорда қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 04 наурыздағы N 2592
қаулысымен бекітілген    
3 қосымша          

Нысаналы топтарға жататын азаматтар

      2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметінің "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңына өзгерістер енгізілуіне байланысты, нысаналы топтарға – табысы аз адамдарға жататындар:
      жиырма бір жасқа дейінгі жастар; балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар; кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асыруында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар; зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған); мүгедектер; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар; бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар; оралмандар, оқу орындарын бітірушілер, жұмыс орындарынан қысқартылған азаматтар, жартылай жұмыспен қамтылғандар тағы да басқа санаттағы азаматтар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады