Он жеті жасқа толатын азаматтарды әскери есепке тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 175 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2009 жылы 31 желтоқсанда N 10-1-126 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қаласы әкімінің 2012 жылғы 05 желтоқсандағы N 533 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қаласы әкімінің 2012.12.05 N 533 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңдарына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Қызылорда қаласында 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде әскери есепке тіркеу жұмыстары жүргізілсін.
      2. Тіркеу жұмысын жүргізу үшін қалалық шақыру учаскесіндегі тіркеу комиссиясы (әрі қарай - комиссия) құрылсын және оның құрамы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      3. Әскери есепке тіркеу кестесі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      4. Қалалық шақыру учаскесінде есепке тіркеу комиссиясына жұмыс барысын және күн тәртібін айқындау ұсынылсын.
      5. "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінен (келісім бойынша):
      1) әскери есепке тіркеу үшін шақырылу учаскесінен өтетін азаматтардың денсаулығын куәландыруға дәрігерлер мен аяжандармен қамтамасыз ету;
      2) әскери есепке тіркелуге жататын азаматтардың денсаулығын тез арада қайта тексеруге, әрі емдеуге қаланың емдеу мекемелеріне нұсқау беру ұсынылсын.
      6. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қызылорда қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасына есепке тұрған жұмыссыз азаматтардың ішінен өз еркімен қоғамдық жұмысқа араласатын 40 (қырық) адам бөлу тапсырылсын.
      7. "Қалалық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тіркеуге алу кезінде іздеу салу тобына және шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіп сақтауды қамтамасыз ету үшін қызметкерлерді бөлу ұсынылсын.
      8. Қаладағы мемлекеттік мекеме және кәсіпорындар, мемлекеттік емес ұйым және оқу орындарының басшыларынан әскери есепке тіркелмеген әскери қызметке шақырылуға жататын жасы келген азаматтарды медициналық комиссиядан өту мерзімі барысында жұмыстан (сабақтан) дер кезінде босатылу сұралсын.
      9. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                            М. Ергешбаев

      "Келісілді":
      Шамшырақов Сейтек Мирасбекұлы
      Қызылорда қаласының қорғаныс
      істер жөніндегі басқарма бастығы
      __________20 желтоқсан 2009 жыл

      Баймаханов Болат Бимендіұлы
      Қызылорда облысының денсаулық
      сақтау басқармасының бастығы
      __________5 желтоқсан 2009 жыл

      Шаймағамбетов Әмірбек Бердібекұлы
      Қалалық ішкі істер басқармасының бастығы
      _________25 желтоқсан 2009 жыл

      Тұрсынбаев Серікбай Сыздықұлы
      N 1 қалалық емхана дәрігері
      _________ "___" желтоқсан 2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады