Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2011.04.06 N 38 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23
қаңтардағы және Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Нормативтік кұқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес аудан әкімдігінің 2009 жылғы 4 мамырдағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" N 70 қаулысына өзгерістер енгізу мақсатында Арал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 4 мамырдағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" N 70 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2009 жылғы 19 мамырында 10-3-138 нөмірімен тіркелген, "Толқын" газетінің 2009 жылғы 23 мамырындағы N 40 санында ресми жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
1) аталған қаулының негізгі бөлігіндегі, қаулының N 1 және N 2қосымшаларының кіріспесіндегі Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурызындағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 қаулысының 1, 5 тармағына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын.
2) аталған қаулының N 1 қосымшасындағы "Жастар - тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулықтың" 5 бөлігінің 3 тармағындағы "республика бюджетінен бекітілген 15 мың теңге көлемінде төленеді" деген сөздер "республика бюджетінен бөлінген қаражат есебінен жастар практикасына қатысушыға тиісті есептеулерге сәйкес бөлінген қаражат шегінде төленеді" деген сөздермен ауыстырылсын.
3) аталған қаулының N 2 қосымшасындағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулықтың" 2 бөлігінің 1 тармағындағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын мекеме, кәсіпорындарда (меншік нысанына қарамастан) жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және бюджеттен (15,0 мың теңге), сонымен қатар жұмыс берушілердің қаражатынан (15,0 мың теңгеден кем емес) олардың өтінімдері бойынша қаржыландырылады" деген сөздер "Әлеуметтік жұмыс орындарын мекеме, кәсіпорындарда (меншік нысанына қарамастан) жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және бюджеттен қаралған қаражаттың шегінде жұмыс берушінің 50 пайыздық төлемін ескере отырып олардың өтінімдері бойынша қаржыландырылады" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары К. Данабаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ Н. МҰСАБАЕВ