РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазалы аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. "Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық ставкаларын бекіту туралы" Қазалы аудандық Мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы кезекті ХІІ сессиясының (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 22 қаңтардағы N 10-4-89 нөмірімен тіркелген, аудандық "Қазалы" газетінің 2009 жылғы 31 қаңтардағы N 11, 12 санында жарияланған) N 107 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған шешімнің кіріспесіндегі басқару сөзінен кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
аталған шешімнің атауындағы және бірінші тармақтағы "базалық" сөзі алынсын;
аталған шешімімен бекітілген қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
ХІV сессиясының төрағасы Т. Әбдіқадыров
Аудандық мәслихаттың хатшысы Т. Бөріқұлақов
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 27 наурыздағы
N 130 шешіміне қосымша
Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі учаскелерін
қоспағанда) салынатын салық ставкаларының
МӨЛШЕРІ
1. Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі
құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын салық ставкалары
N |
Салық салу объектісі |
Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 387 бабының 1 тармақшасына сәйкес 50% көбейтілген салық ставкасының мөлшері |
1. |
Әйтеке би кенті үшін |
1,44 |
2. |
Ауылдық жерлер үшін |
0,72 |
2. Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі
құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын салық ставкалары
N |
Салық салу объектісі |
Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 387 бабының 1 тармақшасына сәйкес 50% көбейтілген салық ставкасының мөлшері |
1. |
Әйтеке би кенті үшін |
0,20 |
2. |
Ауылдық жерлер үшін |
0,13 |