Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 27.08.2014 N 01-10/779 хатымен).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Салық Кодексін(Салық Кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2009.03.27 N 130 шешімімен.
1. Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі учаскелерін қоспағанда) салынатын салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2009.03.27 N 130 шешімімен.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
ХІІ сессиясының төрағасы К. Алиасқаров
Аудандық мәслихаттың хатшысы Т. Бөріқұлақов
Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
N 107 шешіміне қосымша
Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі учаскелерін
қоспағанда) салынатын салық ставкаларының
МӨЛШЕРІ
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2009.03.27 N 130 шешімімен.
1. Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі
құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын салық ставкалары
N |
Салық салу объектісі |
Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 387 бабының 1 тармақшасына сәйкес 50% көбейтілген салық ставкасының мөлшері |
1. |
Әйтеке би кенті үшін |
1,44 |
2. |
Ауылдық жерлер үшін |
0,72 |
2. Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі
құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын салық ставкалары
N |
Салық салу объектісі |
Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 387 бабының 1 тармақшасына сәйкес 50% көбейтілген салық ставкасының мөлшері |
1. |
Әйтеке би кенті үшін |
0,20 |
2. |
Ауылдық жерлер үшін |
0,13 |