Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2010.01.29 N 49 Қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ауданда жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын және кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта даярлауды ұйымдастыру туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 наурыздағы N 116 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10-4-80 нөмерімен тіркелген, "Тұран-Қазалы" газетінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі 36-37 нөмірінде жарияланған, Қазалы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы N 14 қаулысымен өзгеріс енгізілген, нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10-4-94 нөмерімен тіркелген, "Тұран-Қазалы" газетінің 2008 жылғы 11 наурыздағы 19-20 нөмірінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған қаулының 1-қосымшасымен бекітілген "Ақылы қоғамдық жұмыстарға" қатары мынадай мазмұндағы 35-1 рет санымен тоықтырылсын:
"35-1" |
"Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі" |
Атаулы әлеуметтік көмек және балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш жасаған азаматтардың отбасының материалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссияға көмек көрсету". |
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Б.Бисембаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Көшербай