2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 08 маусымдағы N 561 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 24 маусымда N 10-5-111 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы ауданының Әділет басқармасының 2011 жылғы 24 тамыздағы N 2-9/2549 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы ауданының Әділет басқармасының 2011.08.24 N 2-9/2549 хатымен).

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 Жарлығына, "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы қаулысына сәйкес және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымшылдықпен сапалы өткізу мақсатында Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
      2. Азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылуын өткізу үшін 1-қосымшағасәйкес ауданда шақыру комиссиясы құрылсын және оның жұмысы 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айлары аралығында ұйымдастырылсын.
      3. Аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне (Д.Нәзікбаевқа)  2-қосымшаға сәйкес кезекті әскерге шақыру кезінде техникалық қызметкерлер бөлу тапсырылсын.
      4. Кент, ауылдық округ әкімдеріне 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру тапсырылсын.
      5. Қармақшы аудандық емханасы мемлекеттік мекемесі Б.Нысанбаевқа (келісім бойынша) аудандық шақыру комиссиясы құрамында аудандық медициналық комиссиясын құрсын, шақырылғандарды дәрігерлік тексеруден өткізу үшін аудандық шақыру пунктіне жоғары білікті маман дәрігерлер мен медбикелердің қажетті санын бөлу, аудандағы емдеу орындарында шақырылған азаматтарды кезектен тыс қабылдауды ұйымдастыру, олардың әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін тереңдетілген дәрігерлік жабдықтармен, медициналық мүліктермен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      6. Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімі мемлекеттік мекемесі А.Утегенов (келісім бойынша) және Жосалы желілік полиция пункті С.Нұрымбетов (келісім бойынша):
      1) Шақыру кезінде әскерге шақырылғандар мен оларды шығарып салушылар арасында және тасымалдау кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.
      2) Әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.
      7. "Қызылорда электр жүйесін тарату компаниясы" Акционерлік қоғамы Қармақшы электр желілерінің филиалына М.Бекбаев (келісім бойынша) 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айлары аралығында ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен емхана ғимаратына электр жарығының үздіксіз беріліп тұруын қамтамасыз етуге ықпал жасау ұсынылсын.
      8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Қалиевке жүктелсін.
      9. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                               Б.Қаюпов

       Қармақшы ауданды әкімдігінің
2009 жылғы 8 маусымдағы
N 561 қаулысына
1-қосымша

       Аудандық шақыру комиссиясының құрамы

      Ескерту.1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2009.09.11 N 623 қаулысымен.

      Айдаров Мұрат Нәрзілдәұлы - Қармақшы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығы (келісім бойынша), комиссия төрағасы
      Қалиев Ерлан Піртазаұлы -аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары,

Комиссия мүшелері

      Бекқадамов Рахман Әлиасқарұлы - аудандық ішкі істер бастығының орынбасары
      Батенова Марияш Айнияқызы - аудандық емхананың ЭКГ дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрайымы
      Кәрібаев Бауыржан - аудандық ішкі істер бөлімнің учаскелік инспекторы
      Бақытжанова Лайла Умирзаковна - N 26 Ш.Уалиханов атындағы мектептің педагог-психолог мұғалімі
      Жүрімбетова Ляззат Қуанышбекқызы - аудандық емхананың медбикесі, комиссия хатшысы

Қармақшы ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 8 маусымдағы
N 561 қаулысына
2-қосымша

Кезекті әскерге шақыру кезінде бөлінетін техникалық қызметкерлер

       Аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесі - 7 қызметкер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады