Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы ауданының Әділет басқармасының 2011.08.24 N 2-9/2549 хатымен).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 08 маусымдағы N 561 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 24 маусымында N 10-5-111 болып тіркелген, аудандық "Қармақшы таңы" газетінің 2009 жылғы 27 маусымдағы N 53(8738) санында жарияланған) 1-қосымшасымен бекітілген "Аудандық шақыру комиссиясының құрамы" өзгертіліп:
1) Нурхожин Даулеткали Ергалиевич – Қармақшы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығы, комиссия төрағасы басқа қызметке ауысуына байланысты, комиссия төрағасынан шығарылсын;
2) Айдаров Мұрат Нәрзілдәұлы – Қармақшы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығы (келісім бойынша), комиссия төрағасы болып енгізілсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Қалиевқа жүктелсін.
3. Қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Қаюпов