Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2011.07.21 N 32 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңын басшылыққа алып Қармақшы ауданының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 2009 жылдың 5 мамырдағы N 527 қаулысына (Қармақшы ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 12 мамырда N 10-5-109 санды мемлекеттік тіркеуден өткен, "Қармақшы таңы" газетінің 13 мамыр 2009 жылғы N 40-41 (8723) санында ресми жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) қаулының N 1 қосымшасымен бекітілген "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесінің" 2 бөлімінің 8 тармақшасы төмендегі мәтіндегі жаңа редакцияда жазылсын:
- "8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізімін уәкілетті орган қалыптастырады және әлеуметтік жұмыс орнын құруды жұмыс беруші уәкілетті органмен шарттық негізде жүзеге асырады.";
2) қаулының N 2 қосымшасымен бекітілген "Әлеуметтік жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер тізімінің" күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Қалиевке жүктелсін.
3. Қаулы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Қаюпов