Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2011.07.21 N 32 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңын, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 Қаулысын және "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 Қаулысын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесі N 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Әлеуметтік жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер тізімі N 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізімі N 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Кәсіби мамандығы бойынша диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесі N 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
5. Жастар тәжірибесі бойынша ұйымдастырылатын мекемелер тізімі N 5 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Тоғызбаевқа жүктелсін.
7. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Қаюпов
Аудан әкімдігінің
05 мамыр 2009 жылғы
N 527 қаулысына
N 1 қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Бұл ереже халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртібін анықтайды, ұйымдармен есеп айырысу жүйесі мен басты шарттарын реттейді.
2. Бұл ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік жұмыс орындары – жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;
2) жұмыссыздар - өздеріне байланысты емес себептер бойынша табыс әкелетін еңбек қызметімен айналыспайтын, жұмыс іздеп жүрген және еңбек етуге әзір, еңбекке жарамды жастағы адамдар;
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тұрған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек туралы заң актілері қолданылады.
4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға көмектеседі.
5. Әлеуметтік жұмыс орындарының ұзақтық мерзімі бір күнтізбелік жыл ішінде 6 айға дейін деп белгіленеді.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі
6. Уәкілетті жұмыспен қамту органы халықтың нысаналы топтарының әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбегіне төлем ақысына өз қаржысынан кеткен шығындарының бөлігін өтеуге төлеу қызметін көрсету жөнінде жұмыс берушімен келісім шарт жасайды.
7. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және олардың еңбек ақысын төлеуге арналған бюджет қаражатын тиімді пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі халықтың нысаналы топтарын, жұмыссыздарды жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын немесе беретін мекемелердің тізімін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен анықтайды.
Жұмыс берушінің өз ақшасынан емес тиісті бюджет қаражаты есебінен еңбек ақы төлеуді қаржыландыратын әлеуметтік жұмыс орындарын беретін немесе құратын ұйымдар тізімге кірмейді.
8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізімін уәкілетті орган қалыптастырады және әлеуметтік жұмыс орнын құруды жұмыс беруші уәкілетті органмен шарттық негізде жүзеге асырады.
Ескерту. 2 бөлімінің 8 тармақшасы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2009.09.22 N 630 қаулысымен.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен шарттары
9. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу жұмыс берушілердің еңбек келісім шартының талаптарына сәйкес атқарылған еңбектің көлемі, сапасы мен күрделілігіне қарай ай-сайын жүзеге асырылады.
10. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылғандардың еңбек ақысына қаралған бюджеттің қаржысы уәкілетті органы мен жұмыссыз арасындағы келісім шартқа сәйкес жұмыссыздардың есеп шотына аударылады.
11. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздардың еңбек ақысы нақты орындалған көлемге төленеді.
12. Әлеуметтік жұмыс орындарын нысаналы әлеуметтік топтар үшін 6 айлық мерзімге дейін жергілікті атқару органдары ұйымдастыратын болады. Бір адамға жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі айлық ақыдан кем болмай, жұмыс берушінің 50 пайыздық үлесін қосқанда жұмыс істеушінің орташа айлық еңбекақысы айына 40 000 теңгені құрайтын болады. (Жұмыстан қысқарған және басқа да азаматтардың әлеуметтік жұмыс орнына орналасуы - келісім шарт негізінде жүргізіледі).
Ескерту. 12-тармақшаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2010.01.21 N 750 Қаулысымен.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әділет басқармасының 2010.07.02. N 2/2238 хатымен.
4. Әлеуметтік қызмет орындарын ұйымдастыру мен
қаржыландыру тәртібіне бақылау жасау
13. Әлеуметтік жұмысты іске асыратын ұйым жасалған еңбек шарттары негізінде жұмыссыздарды әлеуметтік жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар шығарады. Жұмыс беруші жұмыссыздарды еңбек құралдарымен қамтамасыз етеді, тапсырма-нарядты анықтайды, орындалған жұмыстың көлемін есепке алады және тіркейді, жұмыс уақытының есепке алу табелін жүргізеді. Жұмыс беруші ай сайын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қажетті құжаттамаларды, атқарылған жұмыстардың саны мен көлемдері жайлы мәлімет тапсырады.
14. Жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналасқан жағдайда еңбек заңдылықтарына сәйкес жұмыстар орындауға жасалған шарт бұзылуға тиіс.
Жұмыс беруші мен жұмыссыз үш күн мерзім ішінде бұл туралы жұмыспен қамту мәселелер жөніндегі уәкілетті органға себептерін көрсетіп ескертуі тиіс.
15. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібінің сақталуына бақылау жасау заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.
Аудан әкімдігінің
05 мамыр 2009 жылғы
N 527 қаулысына
N 2 қосымша
Әлеуметтік жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер тізімі
Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2009.09.22 N 630 қаулысымен.
Аудан әкімдігінің
05 мамыр 2009 жылғы
N 527 қаулысына
N 3 қосымша
Нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізімі
Нысаналы топтарға – табысы аз адамдар;
Жиырма бір жасқа дейінгі жастар, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар; кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар; Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекеті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар; зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған); мүгедектер; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар; бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар; оралмандар жатады, жоғарғы, арнаулы орта және кәсіптік мектептерді бітірушілер, жұмыс орнынан қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылып босаған азаматтар.
Аудан әкімдігінің
05 мамыр 2009 жылғы
N 527 қаулысына
N 4 қосымша
Кәсіби мамандығы бойынша диплом алған жұмыссыз жастарды
тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру мен қаржыландыру
Е Р Е Ж Е С І
Осы ереже "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 264 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына сәйкес Кәсіптік мектептерді, арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарын бітірген жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен тәжірибесін арттыру мақсатында әзірленген.
1. Жалпы ережелер
1. Кәсіби мамандыққа диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру (әрі қарай жастар тәжірибесі) азаматтарды әлеуметтік қолдаудың басты бір бағыты және олардың жұмысқа орналасуына қосымша ықпал жасау болып табылады.
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арнайы орта, жоғарғы оқу орындарын бітіріп, кәсіби мамандық алған жұмыссыз жастарды өз мамандықтары бойынша тәжірибе жинақтауға, еңбек нарығындағы бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында жастар тәжірибесінен өткізеді.
3. Жастар тәжірибесі меншік түріне қарамастан мекемелерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда ұйымдастырылады (әрі қарай жұмыс беруші).
4. Жастар тәжірибесін өткізуді іс жүзіне асыру жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
Жастар тәжірибесін ұйымдастыруды бақылау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүргізеді.
2. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру
5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жастардың жұмысқа орналасуын талдау негізінде кәсіби оқу орындарын бітірген жұмыссыз азаматтардың санын анықтайды.
6. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру кезеңінде төмендегі ерекшеліктер ескеріледі.
1) жұмыссыз азаматтардың саны-кәсіби оқу орындарын бітірушілердің аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркеліп тұрған жалпы жұмыссыз азаматтардың қандай бөлігін құрайтындығы
2) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген кәсіби оқу орындарын бітірген жастар санының өсуі.
3) жұмысқа орналасу мүмкіндігін шектейтін кәсіби оқу орындарын бітіруші түлектерінің еңбек өтілінің болмауы.
7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс беруші жөнінде олардың дамуы, өндірісінің кеңейуі жөніндегі мәліметтерді жинап жастар тәжірибесіне қатысушыларды жұмысқа қабылдау мүмкіндігін анықтайды.
8. Жұмыс берушілер жөніндегі мәліметті талдау қорытындысын негізге ала отырып, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жастар тәжірибесіне қатыстыруға кәсіби оқу орындарын бітірген жұмыссыз азаматтарды жасақтайды.
9. Үміткерлер іріктеу кезінде төмендегі ерекшеліктер ескеріледі:
1) үміткерлердің аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз есебінде тіркелуі;
2) іріктеу кезеңінде кәсіби мамандығына лайықты жұмыстың болмауы;
3) жасы 29-ға толғанға дейінгі азаматтар.
10. Жастар тәжірибесіне қатысушы жұмыссыздар 12 ай ішінде осы тәжірибе басталған уақыттан бастап 1 рет қатыса алады және жұмыссыз есебіне тіркелген уақытына қарай жіберіледі.
11. Уақытша жұмыс орнын ұсынғысы келетін жұмыс беруші жастар тәжірибесінен өтетін кәсіби оқу орындарын бітірген азаматтармен осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген үлгідегі келісім шартты жасайды. Келісім шартта қабылданатын жұмыссыздар саны, мамандықтар тізімі, қажет болған жағдайда қосымша кәсіби дайындығы,жастар тәжірибесіне қатысушылардың кәсіби білімдерін, біліктілігін, дағдылануын өзінің мамандығына сәйкес үйретілетіндігі көрсетіледі. Шарттың ұзақтық мерзімі 6 айға дейін жасалады.
Ескерту. 11-тармақшаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2010.01.21 N 750 қаулысымен.
12. Осы келісім-шарт негізінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыссыздың келісімімен жұмыс берушіге осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес жолдама беріледі.
13. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі берген жолдаманы жұмыс берушіге тапсырғаннан кейін, оның екінші бөлігі уәкілетті органға қайтарылуға міндетті.
14. Жастар тәжірибесіне қабылдаған жағдайда, жұмыс беруші жұмыссызбен Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес келісім-шарт жасап, жұмысқа қабылданғаны жөнінде бұйрық береді.
15. Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған үш күн ішінде жастар тәжірибесіне қатысушымен жасалған келісім-шартты немесе жұмысқа қабылданған бұйрықтың көшірмесін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылады.
15.1) Жастар тәжірибесінен өтушілердің жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізімін уәкілетті орган қалыптастырады және жастар тәжірибесін құруды жұмыс беруші уәкілетті органмен шарттық негізде жүзеге асырады.
Ескерту. 15-1) тармақшасымен толықтырылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2010.01.21 N 750 қаулысымен.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Әділет басқармасының 2010.07.02. N 2/2238 хатымен.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері:
16. Егер келісім-шартта көзделген міндеттерінің орындалуы бұзылған жағдайда жастар тәжірибесін ұйымдастырушы уәкілетті орган жағының ұсынысымен еңбек келісім-шарты Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес бұзылады. Осы келісім-шарт бұзылған үш күн ішінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келісім-шарттың бұзылғаны жөнінде хабар береді.
17. Егер жастар тәжірибесіне қатысушының құқығы мен міндетіне нұқсан келген жағдайда, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс берушімен келісім-шартты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзуына болады.
18. Келісім-шарттың мерзімі аяқталған жағдайда, жұмыс беруші аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарлауға немесе тұрақты жұмысқа қабылдаған жағдайда бұйрықтың көшірмесін беруге міндетті.
19. Жұмыс берушінің қолдауымен жастар тәжірибесіне қатысушыны келісім -шарт уақытының бітуінен бұрын да тұрақты жұмысқа қабылдануы мүмкін.
20. Келісім-шарттың уақыты біткеннен кейін жұмыс беруші жастар тәжірибесіне қатысушыға оның атқарған жұмыстары жайлы ұсыныс хат береді.
21. Жастар тәжірибесіне қатысушы жұмыссыз азаматтар жұмыс іздеуші есебінен шығарылмайды.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Әділет басқармасының 2010.07.02. N 2/2238 хатымен.
4. Жастар тәжірибесін қаржыландыру
22. Жастар тәжірибесін өткізу жергілікті бюджеттен "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру" бағдарламасы арқылы төленеді.
23. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбек ақы төлемі "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" кіші бағдарламасында қарастырылған қаражат есебінен жүргізіледі.
Ескерту. 23 тармақшаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2010.01.21 N 750 қаулысымен.
24. Жастар тәжірибесіне қатысушысының еңбек ақысын Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жастар тәжірибесі қатысушысының істеген уақытына, бірақ тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі айлықтан кем емес еңбек ақысы көлемінде жүргізеді.
25. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбек ақысы жұмыссыздардың жеке есеп-шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырылады.
26. Орындалған жұмыс санына, сапасына және ауырлығына қарап Жұмыс беруші өз қаражат есебінен Қазақстан Республикасы заңнамаларында тиісті қаржы жылына белгіленген арналған ең төменгі айлықтан кем емес еңбек ақы көлемінде аталған кәсіпорындар мен ұйымдардағы бағалау бойынша деректі орындалған жұмысқа қосымша үстеме ақы белгілеуге құқылы.
Кәсіби мамандығы бойынша диплом
алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден
өткізуді ұйымдастыру мен қаржыландыру
Ережесіне 1-қосымша
N _______
Кәсіптік мектептерді, арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарын бітірген жұмыссыз жастар үшін кәсіби мамандық тәжірибесін ұйымдастыру шарты
Жосалы кенті 200_ жылғы "___" __________
Қармақшы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімiнің бастығы ______________ (бұдан әрі бөлім деп аталады),
(аты-жөні)
Жұмыс беруші _____________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
тұлғасында ________________________________________________________
(басқарушының аты-жөні, лауазымы)
Жұмыссыз_____________________________________
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қармақшы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы "__" ________ N ___ қаулысына сәйкес төменде келтірілгендер бойынша осы шартты жасасты:
1. Шарттың мәні
1. Кәсіптік мектептерді, арнаулы орта және жоғарғы оқу орындары түлектерінің ішінен жұмыссыз азаматтар үшін олардың мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесін алу, практикалық тәжірибе, білім, іскерлік, дағды және еңбек нарығында бәсекелестікті көтеру үшін кәсіби мамандық тәжірибесін ұйымдастыру және өткізу (бұдан әрі - Жастар тәжірибесі).
2. Бөлім:
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1) Жастар тәжірибесінен өтуге келісімін берген ______________
(жазба әріптермен)
жұмыссыздарды жолдауға;
2) Жастар тәжірибесіне қатысушылардың ай сайынғы еңбек ақысын, жұмыс істеген уақытын, бірақ тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген ең төменгі еңбек ақы көлемінен кем емес мөлшерде жүргізуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жастар тәжірибесіне қатысушылардың кірісінен міндетті зейнеткерлік аударымдарды жүргізуге міндетті.
3. Жұмыс беруші:
1) Жастар тәжірибесіне қатысушылармен жеке еңбек шартын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жасауға;
2) Жастар тәжірибесіне қатысушылардың мамандығына сәйкес кәсіби білім, іскерлік және дағды алуын қамтамасыз етуге;
3) жеке еңбек шарты мерзімінің аяқталуы бойынша Жастар тәжірибесі қатысушысына өтуі туралы сын-пікір (кепілдеме хат) беруге;
4) Жастар тәжірибесі қатысушыларына өз қаражат есебінен қосымша төлем жүргізуге;
5) әр жұмыссызбен жеке техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау жұмыстарын жүргізуге;
6) қажет болғанда арнайы киіммен, құралдармен, мүліктермен және т.б. Жастар тәжірибесіне қатысушыларды қамтамасыз етуге;
7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес тиісті еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге;
8) Жастар тәжірибесінен өткен уақытында денсаулығына зиян келтірген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығынды өтеуге;
9) қосымша төлем жүргізілетін жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес Жастар тәжірибесіне қатысушысының кірісінен міндетті салықтық және зейнеткерлік аударуларды жүргізуге;
10) Бөлімге берілген ақпараттың растығына жауапкершілік алуға;
11) Бөлімге есептік айдың аяқталуына 5 күн қалғанда осы шарттың мазмұнды бөлігі болып табылатын, Жастар тәжірибесіне қатысушылардың жұмысқа қатысуы туралы мәлімет беруге міндеттенеді.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Әділет басқармасының 2010.07.02. N 2/2238 хатымен.
3. Еңбек ақы төлемі
4. Жастар тәжірибесіне қатысушысының еңбек ақы төлемі кәсіби тәжірибеден өту үшін жасалған шарттар негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
4. Тараптардың жауапкершілігі
5. Осы шартта қарастырылған міндеттерді орындамағаны және дұрыс орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік атқарады.
6. Осы шартты орындау кезінде туындаған барлық дау туғызған мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
7. Бір айдан кем емес мерзімде бір жақ екінші жақты шарттың бұзылуы жөнінде хабардар еткен жағдайда жасалған шарт бұзылуы мүмкін.
8. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімімен енгізіледі.
5.Жұмыс жасау мерзімі
9. Осы шарттың жұмыс жасау мерзімі 200_ жылдың "___" ____ дан 200_ жылдың "___" ____________ға дейін.
10. Осы шарт қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
11. Шарт екі данада жасалған, әрқайсысының бірдей заңдық күші бар.
6. Тараптардың заңды мекен-жайы:
Тапсырыс беруші: Жұмыс беруші:
Қармақшы "Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Жосалы кенті, Амангелді көшесі N 33 үй
Есеп шоты 001130228
БИК 195301070
РНН 330400002538
Бөлім бастығы Б.Бекпанов
__________________________ ______________________
(аты-жөні, қолы) (аты-жөні, қолы)
"__" __________200__ж. "___"__________200_ ж.
М.О. М.О.
Кәсіби мамандығы бойынша диплом
алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден
өткізуді ұйымдастыру мен қаржыландыру
Ережесіне 2-қосымша
____________________________
(ұйымның атауы)
____________________________ Жастар тәжірибесі
____________________________
(мекен-жайы)
N__ Жұмысқа жолдама N__ Қабылданған шешім
туралы жауап
Жастар тәжірибесін жүргізу ___________________________
жөніндегі жасалған келісім ________________ ұйымның атауы
шартқа сәйкес
Сізге_______________________ _____________________ деген
______________________ деген азамат(ша) жұмысқа
азаматты ________________ қажет болған жағдайда өз қаражат
есебінен ж.бастап
_________ ретінде жолдаймыз. ___ ай мерзімге қабылданады.
"Қармақшы аудандық жұмыспен қамту Бұйрық 200_ ж. "__"____ N__
және әлеуметтiк бағдарламалар Қабылданбаған жағдайда
бөлімi" мемлекеттік мекемесі: себебі _______________
Амангелді көшесі,
N 33 үй.Тел 2-15-47
Кәсіпорын бастығы:
_______________________________
Бөлім бастығы:_________________ _______________________________
Күні 200__ ж "___"___________ Күні 200__ж "___"_______________
Маман:
Аудан әкімдігінің
05 мамыр 2009 жылғы
N 527 қаулысына
N 5 қосымша
Жастар тәжірибесі бойынша ұйымдастырылатын мекемелер
Т І З І М І
Ескерту. 5-қосымшаның күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2010.01.21 N 750 қаулысымен.