Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010.04.01 N 103 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасы, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бабы 3-тармағы, 20-бабы 1-тармағы және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 Жарлығының 3-тармағы талаптарын орындау мақсатында Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы республикалық Ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі іс-шаралар "Жалағаш аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы ұйымдастырылсын.
2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
3. Қоса беріліп отырған:
1) 2009 жылдың сәуір-маусымында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2-қосымшаға сәйкес;
2) 2009 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Жалағаш кент, ауылдық округі әкімдері мерзімді әскери қызметке шақырылғандардың аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне уақытылы келулерін қамтамасыз етуге шаралар қабылдасын.
5. "Жалағаш аудандық емхана" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):
1) шақырылғандарды медициналық куәландырудан өткізуді
ұйымдастыру үшін маман дәрігерлер мен аяжандардың қажетті санын бөлу;
2) қажетті дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина мүлкімен қамтамасыз ету;
3) емдеу емханаларында шақырылғандарды кезектен тыс қабылдауды ұйымдастыру;
4) ауруханада шақырылғандардың ішіндегі ауруы барларын жатқызып емдеуге жататын төсектер санын бөлу ұсынылсын.
6. "Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шақырылушылардың облыстық жиын пунктіне жөнелтілуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
7. "Қызылорда тарату электр желісі компаниясы" АҚ Жалағаш филиалына (келісім бойынша), "Энергетик и ДАС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (келісім бойынша) шақыру комиссиясының жұмыс жүргізу кезеңінде, аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне және аудандық емханаға электр жарығының үзілмей беріліп тұрылуына жәрдем көрсету ұсынылсын.
8. Жалағаш кент әкімі мерзімді әскери қызметке шақырылғандардың құжаттарын сапалы дайындауға аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің қарамағына ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандардан өз еріктерімен келіскен 4 адам бөлсін.
9. Жалағаш кент, ауылдық округі әкімдеріне, "Жалағаш аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Жалағаш аудандық емхана" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы қаулының орындалуы жөнінде атқарылған жұмыстар жайлы ақпаратты 2009 жылдың 5 шілдесіне және 2010 жылдың 5 қаңтарына аудан әкімдігіне ұсынылсын.
10. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "2008 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 қыркүйектегі N 582 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің 2008 жылғы 19 қыркүйекте N 10-6-101 болып тіркелген, 2008 жылғы 20 қыркүйекте N 79 "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған);
2) "2008 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 қыркүйектегі N 582 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 1 қазандағы N 603 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің 2008 жылғы 6 қазанда N 10-6-105 болып тіркелген, 2008 жылғы 8 қазанда N 84 "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған);
3) "2008 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 қыркүйектегі N 582 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы N 669 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің 2008 жылғы 24 желтоқсанда N 10-6-110 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 қаңтарда N 1 "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған).
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Алиеваға жүктелсін.
12. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ Ө. ШАМЕНОВ
Жалағаш ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 14 сәуірдегі
N 781 қаулысына 1-қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Айтжанов Манас Айтжанович - "Жалағаш аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Алиева Рауаш - Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрғасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Оңдабаев Бауыржан Барлыбаевич - "Жалағаш аудандық ішкі-істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Каметов Ханзулла Садуақасұлы - "Жалағаш аудандық емхана" мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы, (келісім бойынша);
Сайлыбаева Нұргүл Садибековна - "Жалағаш аудандық емхана" мемлекеттік мекемесінің аяжаны, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Жалағаш ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 14 сәуірдегі
N 781 қаулысына 2-қосымша
2009 жылдың сәуір-маусымында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу
К Е С Т Е С І
Рет саны | Кент, ауылдық округі атаулары | Шақыруды өткізу күндері | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
27.04. 2009 ж |
28.04. 2009 ж |
29.04. 2009 ж |
30.04. 2009 ж |
04.05. 2009 ж |
05.05. 2009 ж |
06.05. 2009 ж |
07.05. 2009 ж |
||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1. |
Жалағаш кенті |
х | х | ||||||
2. |
Ақсу |
х | |||||||
3. |
Шаменов |
х | |||||||
4. |
Қаракеткен |
х | |||||||
5. |
Бұқарбай батыр |
х | |||||||
6. |
Таң |
х | |||||||
7. |
Аққұм |
х | |||||||
8. |
Еңбек |
х | |||||||
9. |
Аламесек |
х | |||||||
10. |
Жаңадария |
х | |||||||
11. |
Мырзабай ахун |
х | |||||||
12. |
Мәдениет |
х | |||||||
13. |
Мақпалкөл |
х | |||||||
14. |
Жаңаталап |
х | |||||||
15. |
Аққыр |
х |
Жалағаш ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 14 сәуірдегі
N 781 қаулысына 3-қосымша
2009 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу
К Е С Т Е С І
Рет саны | Кент, ауылдық округі атаулары | Шақыруды өткізу күндері | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1.10. 2009 ж |
2.10. 2009 ж |
5.10. 2009 ж |
6.10. 2009 ж |
7.10. 2009 ж |
8.10. 2009 ж |
9.10. 2009 ж |
12.10. 2009 ж |
||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1. |
Жалағаш кенті |
х | х | ||||||
2. |
Ақсу |
х | |||||||
3. |
Шаменов |
х | |||||||
4. |
Қаракеткен |
х | |||||||
5. |
Бұқарбай батыр |
х | |||||||
6. |
Таң |
х | |||||||
7. |
Аққұм |
х | |||||||
8. |
Еңбек |
х | |||||||
9. |
Аламесек |
х | |||||||
10. |
Жаңадария |
х | |||||||
11. |
Мырзабай ахун |
х | |||||||
12. |
Мәдениет |
х | |||||||
13. |
Мақпалкөл |
х | |||||||
14. |
Жаңаталап |
х | |||||||
15. |
Аққыр |
х |