Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011.03.28 N 82 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасы, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бабы 3-тармағы, 20-бабы 1-тармағы және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 960 Жарлығының 3-тармағы талаптарын орындау мақсатында Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі іс-шаралар "Жалағаш аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы ұйымдастырылсын.
2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
3. Аудандық шақыру комиссиясының құрамындағы адамдар уақытша болмаған жағдайда (сырқаттануы, демалыс, іссапар және тағы басқалар) оларды ауыстыратын қосымша аудандық шақыру комиссиясының құрамы 2-қосымшаға сәйкес құрылсын.
4. Қоса беріліп отырған:
1) 2010 жылдың сәуір-маусымында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 3-қосымшаға сәйкес;
2) 2010 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
5. Жалағаш кент, ауылдық округі әкімдері мерзімді әскери қызметке шақырылғандардың аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне уақытылы келулерін қамтамасыз етуге шаралар қабылдасын.
6. "Жалағаш аудандық емхана" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):
1) шақырылғандарды медициналық куәландырудан өткізуді ұйымдастыру үшін маман дәрігерлер мен мейірбикелердің қажетті санын бөлу;
2) қажетті дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина мүлкімен қамтамасыз ету;
3) емдеу емханаларында шақырылғандарды кезектен тыс қабылдауды ұйымдастыру ұсынылсын.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010.09.23 N 330 қаулысымен.
7. "Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шақырылушылардың облыстық жиын пунктіне жөнелтілуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
8. Жалағаш кент әкімі мерзімді әскери қызметке шақырылғандардың құжаттарын сапалы дайындауға аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің қарамағына ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандардан өз еріктерімен келіскен 4 адам бөлсін.
9. Жалағаш кент, ауылдық округі әкімдеріне, "Жалағаш аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Жалағаш аудандық емхана" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы қаулының орындалуы жөнінде атқарылған жұмыстар жайлы ақпаратты 2010 жылдың 5 шілдесіне және 2011 жылдың 5 қаңтарына аудан әкімдігіне ұсынылсын.
10. "2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 781 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің 2009 жылғы 24 сәуірде N 10-6-122 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 сәуірде N 35-36 "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Алиеваға жүктелсін.
12. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі Қ. БЕКЕНОВ
КЕЛІСІЛДІ"
"Жалағаш аудандық емхана" мемлекеттік
мекемесінің бас дәрігері
_____________________Х.Кәметов
"01" сәуір 2010 жыл
"Жалағаш аудандық қорғаныс істері
жөніндегі біріктірілген бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________М.Айтжанов
"01" сәуір 2010 жыл
"Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________Б.Жарқынбаев
"01" сәуір 2010 жыл
2010 жылғы 01 сәуірдегі
Жалағаш ауданы әкімдігінің
N 103 қаулысына 1-қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010.09.23 N 330 қаулысымен.
Айтжанов Манас Айтжанович - "Жалағаш аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Алиева Рауаш - Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;
Төребаева Күміс -"Жалағаш аудандық емхана" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша);
Комиссия мүшелері:
Оңдабаев Бауыржан Барлыбаевич - "Жалағаш аудандық ішкі - істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Каметов Ханзулла Садуақасұлы -"Жалағаш аудандық емхана" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы, (келісім бойынша);
2010 жылғы 01 сәуірдегі
Жалағаш ауданы әкімдігінің
N 103 қаулысына 2-қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамындағы адамдар уақытша болмаған жағдайда (сырқаттануы, демалыс, іссапар және тағы басқалар) оларды ауыстыратын қосымша аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010.09.23 N 330 қаулысымен.
Бекенов Мейрамбек Дәулетбайұлы - "Жалағаш аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Тасыбай Берік Болтайұлы - Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;
Үдербаева Назгуль - "Жалағаш аудандық емхана" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның мейірбикесі комиссия хатшысы (келісім бойынша);
Комиссия мүшелері:
Нұржанов Ердаулет Исақабылұлы - "Жалағаш аудандық ішкі - істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Лаубаева Гүлжахан Сейтқасымқызы - "Жалағаш аудандық емхана" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрайымы, (келісім бойынша)";
2010 жылғы 01 сәуірдегі
Жалағаш ауданы әкімдігінің
N 103 қаулысымен бекітілген
3-қосымша
2010 жылдың сәуір-маусымында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу
К Е С Т Е С І
N |
Кент, ауылдық |
Шақыруды өткізу күндері |
||||||||||||
12.04 2010 жыл |
13.04 2010 жыл |
14.04 2010 жыл |
15.04 2010 жыл |
16.04 2010 жыл |
19.04 2010 жыл |
20.04 2010 жыл |
21.04 2010 жыл |
22.04 2010 жыл |
23.04 2010 жыл |
24.04 2010 жыл |
26. |
27. |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
1. |
Жалағаш кенті |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
|
2. |
Ақсу |
х |
х |
|||||||||||
3. |
Шаменов |
х |
||||||||||||
4. |
Қаракеткен |
х |
||||||||||||
5. |
Бұқарбай батыр |
х |
х |
|||||||||||
6. |
Таң |
х |
х |
х |
||||||||||
7. |
Аққұм |
х |
х |
|||||||||||
8. |
Еңбек |
х |
х |
|||||||||||
9. |
Аламесек |
х |
х |
х |
х |
|||||||||
10. |
Жаңадария |
х |
х |
х |
х |
х |
||||||||
11. |
Мырзабай ахун |
х |
х |
|||||||||||
12. |
Мәдениет |
х |
х |
х |
х |
х |
||||||||
13. |
Мақпалкөл |
х |
||||||||||||
14. |
Жаңаталап |
х |
х |
|||||||||||
15. |
Аққыр |
х |
х |
х |
2010 жылғы 01 сәуірдегі
Жалағаш ауданы әкімдігінің
N 103 қаулысымен бекітілген
4-қосымша
2010 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу
К Е С Т Е С І
N |
Кент, ауылдық округі атаулары |
Шақыруды өткізу күндері |
||||||||||||||
4.10 2010 жыл |
5.10 2010 жыл |
6.10 2010 жыл |
7.10 2010 жыл |
8.10 2010 жыл |
11.10 2010 жыл |
12. 10. 2010 жыл |
13. жыл |
14. 2010 жыл |
15. 2010 жыл |
18. 2010 жыл |
19.102010 жыл |
20. 2010 жыл |
21. 2010 жыл |
22. 2010 жыл |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
1. |
Жалағаш кенті |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
|
2. |
Ақсу |
х |
х |
х |
||||||||||||
3. |
Шаменов |
х |
||||||||||||||
4. |
Қаракеткен |
х |
||||||||||||||
5. |
Бұқарбай батыр |
х |
х |
|||||||||||||
6. |
Таң |
х |
х |
х |
||||||||||||
7. |
Аққұм |
х |
х |
|||||||||||||
8. |
Еңбек |
х |
х |
|||||||||||||
9. |
Аламесек |
х |
х |
х |
||||||||||||
10. |
Жаңадария |
х |
х |
х |
х |
|||||||||||
11. |
Мырзабай ахун |
х |
х |
|||||||||||||
12. |
Мәдениет |
х |
х |
х |
х |
|||||||||||
13. |
Мақпалкөл |
х |
||||||||||||||
14. |
Жаңаталап |
х |
х |
|||||||||||||
15. |
Аққыр |
х |
х |
х |