Ақсу ауылдық округіндегі көшенің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданының Ақсу ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 38 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш аудандық Әділет басқармасында 2010 жылы 22 қаңтарда N 10-6-137 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабы 4) тармақшасына және Жалағаш ауданы әкімі жанындағы консультациялық-кеңесші орган комиссиясының 2009 жылғы 22 маусымдағы N 1 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Ақсу ауылдық округіндегі Ленин көшесінің атауы - Тоқан Боранбаев атындағы көше болып өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу ауылдық округі әкімінің
      міндетін атқарушы                                К. Сералыұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады