Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 06 сәуірдегі N 190 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жаңақорған аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 сәуірде N 10-7-70 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 12 желтоқсандағы N 1/1-1/2588 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2012.12.12 N 1/1-1/2588 хатымен).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19-бабының  3-ші тармағына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 01 сәуірдегі N 779 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" N 623 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық шақыру комиссиясы құрылсын және оның құрамы қосымшаға сай бекітілсін. Оның жұмысын үйлестіру және азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесін дайындау аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен (келісімі бойынша) сұралсын.
      2. Жаңақорған, Шалхия кенттері мен барлық ауылдық округ әкімдері 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын.
      3. Жаңақорған аудандық емханасы мемлекеттік мекемесіне және облыстық денсаулық сақтау басқармасының аудандағы өкілдігіне (келісімі бойынша) аудандық шақыру комиссиясының жиын пунктінің жанынан аудандық медициналық комиссиясын құру сұралсын.
      4. Аудандық білім бөліміне аудандық шақыру комиссиясына техникалық көмек көрсететін мекемелер мен қызметкерлердің тізімін бекіту және олардың жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету тапсырылсын.
      5. Аудандық ішкі істер бөліміне (келісімі бойынша), Жаңақорған станциясының темір жол желілік полиция бөліміне (келісімі бойынша) шақыру комиссиясының жиын пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және шақырылғандардың жүру маршруттарында қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында жол полициясы инспекторларын, патрульдік автокөліктердің және полиция нарядтарының қажетті санын бөлу ұсынылсын.
      6. "Қызылорда электр тарату желісі компаниясы" АҚ-ның аудандық филиалынан (келісімі бойынша) шақыру кезеңінде электр жарығының үздіксіз беріліп тұруын қамтамасыз етуге ықпал жасау сұралсын.
      7. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі әскери қызметке шақырылғандарды салтанатты жағдайда шығарып салу күндерінде әскерге шақырылған жастар алдында концерттер, жиын пунктінде әскери-патриоттық тақырыптардағы көркем суретті және деректі фильмдерді көрсетуді ұйымдастырсын.
      8. Жаңақорған кентінің әкімі аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің жанындағы аудандық жиын пунктіне жұмыссыз ретінде
тіркелгендерден қоғамдық жұмыс істеуге өз еріктерімен келіскен бірнеше адамды бөлсін.
      9. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен (келісімі бойынша), Жаңақорған аудандық емханасы мемлекеттік мекемесінен және облыстық денсаулық сақтау департаментінің аудандағы өкілдігінен
(келісімі бойынша), аудандық ішкі істер бөлімінен (келісімі бойынша) және Жаңақорған станциясының темір жол желілік полиция бөлімінен (келісімі бойынша) осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты 2009 жылдың 10 шілдесіне және 2010 жылдың 15 қаңтарына аудан әкіміне беру ұсынылсын.
      10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары Б. Ибрагимовке жүктелсін.
      11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі                      Б. Еламанов

      "Келісілді"
Аудандық емхананың бас дәрігері
Ысқақов Сәулебек Есхожаұлы
03 сәуір 2009 жылы

      "Келісілді"
Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы Нәлібаев Пазылбек
03 сәуір 2009 жылы

      "Келісілді"
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығы Әлімбетов Сабырхан Қалиханұлы
23 қыркүйек 2009 жылы

      "Келісілді"
"Қызылорда электр тарату желісі
компаниясы" АҚ-ның аудандық филиалының
бастығы Құрышжанов Еркін
03 сәуір 2009 жылы

      "Келісілді"
Жаңақорған станциясының темір жолы
желілік полиция бөлімінің бастығы
Әбусейітов Мырзан
03 сәуір 2009 жылы

Аудан әкімдігінің
      2009 жылғы 6 сәуір
      N 190 қаулысына қосымша

       Аудандық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2009.09.23 N 390 қаулысымен.

      Әлімбетов Сабырхан Қалиханұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша)
      Ибрагимов Болат Мақсұтұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары.

      комиссия мүшелері:

      Жақсыбеков Ерзақ Өмірзақұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісімі бойынша)
      Абдусаметов Жақсылық - аудандық емхананың бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссия төрағасы, (келісімі бойынша)
      Реева Эльмира - аудандық емхананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады